АҚПАРАТТЫҚ ХАТ




28.10.2011

Құрметті әріптестер!

 

 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі және С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық  медицина университеті Университет күндері IV аясында 2011 жылдың 3 желтоқсанында халықаралық қатысумен

«ҚазҰМУ –дің медициналық білім беру үлгісі: Медициналық кадрларды дайындау жүйесінде инновациялық технологияларды пайдалану»

тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді

 

Конференция жұмыстары келесі бағыттарда өтеді:

–         Инновациялық технологиялар, білім беру әдістері мен түрлері;

–         Фармация және медицина саласындағы мамандарды дайындаудың жаңа;

–         Құзыреттерді бағалау жүйесі;

–         ҚазҰМУ – дағы кәсіптік дайындаудың инновациялық үлгісі;

–         Дипломнан кейінгі дайындаудың жаңа тәсілдері;

–         Тәжірибе, білім және ғылым интеграциясы;

–         Медициналық ЖОО оқытушыларын дайындау жүйесіндегі инновациялар.

 

Алматы қаласы, Төле би көшесі 94, Ректорат ғимараты, «Даңқ Залында» өтетін конференцияға қатысуға шақырамыз.

Қатысушыларды тіркеу 830 – 900.Конференция сағат 9 00 – басталады.

Конференцияға қатысуға ҚазҰМУ қызметкерлері, ҚР ЖОО оқытушылары және қатысуға қызығушылығы бар адамдар шақырылады.

Конференция орыс, қазақ және ағылшын тілінде жүргізіледі.

Конференцияға қатысу үшін 2011 ж. 25 қарашасына дейін мына электрондық мекен – жайға: [email protected] мәлімдеме беру керек.:

 

           Басқа жоғары оқу орындарының қатысушылары үшін ұйымдастыру жарнасы 2000 теңге. Төлем ҚазҰМУ есеп-шотына жіберілуі тиіс. Төленген квитанция көшірмесін (сканерленген) мәтінімен бірге жіберу керек.

ҚазҰМУ есеп-шоты:

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі С.Ж. Асфендияров атындағы   ҚазҰМУ» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны

050012,  Алматы қаласы, Толе би, 88

РНН: 600 700 012 467

БИН: 990 240 007 246

Банк: АО «Банк ЦентрКредит» Алматы қаласы.

ИИК: KZ848560000000063180

БИК: KCJBKZKX, КБЕ: 16

 

 

Мәлiмдеме үлгісі:

Халықаралық қатысумен «ҚазҰМУ –дің медициналық білім беру үлгісі: Медициналық кадрларды дайындау жүйесінде инновациялық технологияларды пайдалану» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға мәлімдеме

1 Аты-жөні
2 Жоғары оқу орнының атауы (Толығымен көрсету)
3 Ғылыми дәрежесі, лауазымы
4 Қатысу түрі:Баяндама ретіндеМақала жариялауТек қана тыңдаушы ретінде
5 Баяндама  тақырыбы (* тек баяндаушылар үшін)
6 Секция
7 e-mail.ru
8 Байланыс телефоны (міндетті түрде)
9 Қонақ үй     Қажет       /      қажет емес

Іс – сапар шығындары жіберуші тарапынан.

Конференцияның материалдары «ҚазҰМУ хабаршысы» журналына жарияланады

             Қолжазбаның рәсімделуі:

 

1. Мақала «ҚазҰМУ хабаршысы журналына» бас редакторы,  ҚазҰМУ ректоры А.А.Аканов атына арнайы бағытталу керек.

2. Мақала CD дискіде  УДК нөмірімен бір данада редакцияға беріледі.  Мақала көлемі шектелмейді, кесте, суреттер КНАСОН талабымен әзірленеді (компьютерлік жиыны – Times New Roman шрифт 14, арасы 1,0 интервал). Барлық өрістерде шекарасы 2,0 см.  Көрнектi материал өрістерде қолжазба ретімен және олардың орналасу орындары жеке парақтарда беріледі.

3. Мақала орыс тілі, қазақ тілі және ағылшын тілдерінде (мақала тақырыбы мен автор фамилиясының  аудармасымен) резюме (10-12 жолдар). Негізгі сөздер – 6-8 сөздер.

4. Қолжазбаның бірінші бетінде келесі тізбектер көрсетіледі:

мақала басы – кіші әріптермен;

авторлардың аты-жөні;

қаласы, мақала шығатын мекемесі;

5.  Хат алмасу үшін мақаланың соңғы бетінде автордың фамилиясы көрсетіледі (қаласы, почталық мекен – жайы, телефондар, факс, электрондық почтаның мекен – жайы).

6. Жұмыстан бастап, орыс, қазақ тілінде содан кейін, басқа тілдерде шыққан дәйектелетін әдебиеттер мәліметтері мәтіндегі ескертулермен жөнделеді. Шетелдiк авторлардың фамилиялары бiртума транскрипциясымен берiледi. Алып келген мәтінде тiзiмдегi дәйектелген әдебиеттерi дәл келетiн нөмiрімен сәйкес нөмірі тiк жақшаларда көрсетіледі.

8. Мақаланы қысқартуға және қажет болған жағдайда өзгерістер енгізуге редакцияның құқығы бар. Көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін мақалалар басылымға қабылданбайды.

Барлық мақалалар рецензияланады.

9. Мақаланы беру мерзімі 2011 жылдың 17 қарашасына дейін.

 

 

 

Конференцияға қатысты жалпы сұрақтар бойынша байланыс:

Сарсенбаева Сауле Сергазиевна  – БСЗБ ж МБРҒН Орталығының директоры

Қаржаубаева Арай – БСЗБ ж МБРҒН Орталығының аға әдіскері

 Байланыс телефоны: 8 (727) 292-69-97

                                                                               email[email protected]