Ақпараттық хат




01.07.2010

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Жалпы медицина факультеті

қазақ тілі, орыс тілі кафедрасы

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 80 жылдығына арналған «Көптілдік білім беру: инновациялық технологиялар және жетілдіру жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.

Конференция 2010 жылының 28 қазанында С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде өтеді.

Конференция төмендегідей секциялар бойынша жұмыс істейді:

● Оқыту үрдісін модернизациялау кезінде көптілдік білім беру;

● Тілдерді үйрету тәжірибесінде дәстүрлер мен инновациялар:теория және практика;

● Қазіргі заманда әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытудың өзекті мәселелері;

● Мемлекеттік тілде медицина білімін жетілдіру және ғылыми аударманың өзекті мәселелері;

● Тәрбие жұмысы – болашақ маманның жеке тұлға болып қалыптасуының негізгі жолы.

Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар:

● Мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің бірінде қабылданады.

● Материалдың көлемі – 4-5 бет. Материал беттің төрт жағынан да 2 см-ден бос орын қалдырып, 1 интервалмен KZ Times New Roman (14 pt), Times New Roman шрифтімен теріледі.

● Мақала атауы беттің ортасына, оң жақ жоғары бұрышқа автордың аты-жөні, дәрежесі көрсетіледі. Автордың аты-жөнінің төменгі жағына қала мен мекеменің атауы жақша ішінде жазылуы тиіс.

● Файлдың форматы RTF немесе Word мәтіндік редактордың жүйесінде басылып (3,5 дюйм), электронды нұсқасы қоса өткізілуі тиіс. Мәтін ішіндегі айрықша сөздер мен тілдік бірліктер курсивпен теріледі.

● Мақала соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі, мәтіндегі сілтеме нөмірі квадрат жақшамен (мысалы, [1,28]) орналасу тәртібіне сай көрсетілуі тиіс. Мақаланың соңында қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі түйіні болуы қажет.

· Мақала құны – 3000 теңге

· Баяндама мәтінін 2010 жылдың 15-ші қыркүйекке дейін ұйымдастыру комитетіне жіберулеріңізді сұраймыз.

Келетін күнін, қонақ үйде орынның қажеттілігі туралы ақпаратты 2010 жылдың 15-ші қыркүйегіне дейін хабарлауыңыз керек.

Конференция шығыны қатысушылардың есебінен.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Төле би көшесі 94, ҚазҰМУ,

қазақ тілі кафедрасы

Телефон: 8(7272) 926487 (292,291)

87772617038, 87017201998

E-mail: [email protected]

[email protected].

Тіркеу үлгісі

1. Аты-жөні (толық) _______________________________________

2. Ғылыми дәрежесі_______________________________________

3. Ұйым (мекеме), қызметі__________________________________

4. Мекен-жайы (индекс)____________________________________

5. Телефон (халықаралық коды)_____________________________

6. E-mail________________________________________________

7. Баяндама тақырыбы____________________________________

8. Секция_______________________________________________

9. Қажетті техникалық құрал_______________________________

10. Қонақ үйде орынның қажеттілігі__________________________