Ақсақалдар кеңесінің міндеті




30.08.2013

Ақсақалдар Кеңесінің міндеті болып табылады:

–         Университет миссиясын орындау бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеп, оның мақсаты мен міндетін жүзеге асыру;

–         Университет қызметінің негізгі бағыттары бойынша бұқара көпшілікті ақпараттандыруға қатысу;

–         Университет Ректорына университеттің және оның атқарушы органдарының ерекше назарын талап ететін аса маңызды мәселелер туралы ақпарат беру;

–         Университет ректорының тапсырмаларын орындау;

–         Университет ректорының Ақсақалдар Кеңесінің пікірін білгісі келетін жобалар туралы ұсыныстарын қарастыру;

–         Ақсақалдар Кеңесі өзінің дербес бастамасы бойынша Университеттің қызметіне қатысты аса маңызды мәселелерді қарастырады және Университеттің басшылығына осы мәселелерге қатысты өз ұсыныстарын береді.