«Ақылшым менің-ұстазым»




08.10.2012

05.10.2012 жылы «Ұстаздар күніне» арналған мерекелік шара

Қазан айының бірінші аптасында Ұстаздар күнін  атап өту, университетіміздің дәстүрлі мерекелік шарасы. Осы күні студенттер таңертеңнен  бастап профессорлық –оқытушылар құрамын, мереке күнімен құттықтап, жылы ілтипат көрсетіп жатты.

5 қазан күні Университетіміздің  ҚазҰМУ театрында профессорлық-оқытушылар құрамын және ардагер оқытушыларды,  Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзіретін дамыту басқармасының ұйымдастыруымен, университет әкімшілігі мен университет кәсіподақ ұйымының қолдауымен өткізілген салтанатты мерекелік шара өткізілді. Университет ректоры, профессор  А.А.Ақанов мерекелік шараны ашып, оқытушыларды мереке күнімен құттықтады.  Профессорлық –оқытушылар құрамы атынан С.Ж.Асфендияров атындағы  ҚазҰМУ Бақылау кеңесінің төрағасы, Академик Ш.Т.Шарманұлы және  №3  Резидентура және интернатура емдеу ісі кафедрасының меңгерушісі М.И.Даулетбақова құттықтау сөз сөйледі. Оқу-тәрбие жұмысы  бойынша проректор Қ.А.Төлебаев оқу-тәрбие ісінің жетістіктеріне тоқталып өтті. Университет кәсіподағы және университет әкімшілігі атынан ардагер оқытушыларға сыйлықтар тапсырылды. Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзіретін дамыту басқармасы студенттерге тәлім-тәрбие беруде ерекше көзге түскен оқытушыларға сыйлықтар табыстап, алғыс хаттар жариялады. Университетіміз Алматы қаласындағы Жоғарғы оқу орындарымен тығыз шығармашылық байланыс орнатқан.  Салтанатты жиын концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының студенттері  және Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 45 жылдық тарихы бар «Айгүл»вокалды  инсрументалдық ансамблінің қыздары  өз өнерлерін көрсетті.

 Студенттердің әлеуметтік-мәдени

                                                                                                   құзіретін дамыту басқармасы