Ақылы негізде білім алушы студенттерге оқу ақысын төлеуге жеңілдіктер беру мәселесі бойынша әлеуметтік комиссияның отырысы болды




13.11.2015

Ақпарат

Ақылы негізде білім алушы студенттерге оқу ақысын төлеуге жеңілдіктер беру мәселесі бойынша әлеуметтік комиссияның отырысы болды. «С.Ж.Асфендияров атындағы  РММ-ніңӘлеуметтік комиссиясы» туралы Ережеге (2012 жылғы 26 шілдедегі № 622) сәйкес 174 өтініш түсті. Оқу ақысын төлеуге жеңілдік, тегін тамақтандыру және жатақханада тегін тұруға әлеуметтік жеңілдіктер беру бойынша 124 өтініш қарастырылып,мақұлданды, әлеуметтік жеңілдіктер беру өлшеміне сәйкес келмеген 50 өтініш қабылданбады.

 

Әлеуметтік-тәрбие жұмыстары  жөніндегі басқарма