«Аялайық қарттарды»




08.10.2012

Үлкенге құрмет кішіге ізет көрсету адамшылықтың ең жоғарғы  қасиеттерінің бірі болып саналады. Қай халықтың  болмасын түпкі тамырында  үлкенді сыйлап, құрмет көрсету тереңде жатыр. Сол бір тамаша дәстүр бүгінгі күнге дейін  жалғасын табуда. С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде 3 қазан күні «Қарттар күні» атап өтілді. Осы медицина оқу орнында 40-50 жылдан астам  қажырлы еңбек еткен, білікті дәрігер мамандарына білім, тәлім-тәрбие берген  ардагер оқытушыларға  құрмет көрсетілді. Оқу орнымыздың асханасында «Қарттар күніне» арналған мерекелік   дастархан  жайылды.  Ардагерлер бірі-бірімен қуана көрісіп, бір жасап қалды.  Адамның көңілінен  нәзік ешнәрсе жоқ қой. Бір ауыз жылы сөз, жылы ілтипат қарт адамдарға қаншалықты шексіз қуаныш әкелетінін әркімде жақсы түсінеді. Жалпы саны  жүзден аса ардагерлер жиналыпты. Мерекелік кездесуде «Достық» ардагерлер хоры өз өнерлерін көрсетті. Ардагерлерде өткен күндердің сазды әндерін еске алып, қосыла бірге  ән шырқады. Шәмшінің «Ана туралы жыр» әнімен басталып  әр жылдардағы танымал әндер шырқалды. Атап айтқанда  «Сағындым Алматымды»,«Смуглянка»,

«Мы желаем счастья Вам», «Семеновна», «А годы летят» «Калинка» тағы да басқа танымал  әндер орындалды. Мерекенің соңында ардагерлер осы тамаша кешті ұйымдастырушы Университет кәсіподақ ұйымына, ардагерлер қоғамына,университет әкімшілігіне, студенттердің әлеуметтік-мәдени құзіретін дамыту басқармасына шексіз алғыстарын білдірді.

«Қарттар күнін» атап өту мерекелік шарасы. 03.11.2012ж

 

Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзіретін

дамыту басқармасы

ҚазҰМУ кәсіподақ ұйымы

Ардагерлер алғысы: