Аяулы ханымдар!




07.03.2013

Сіздерді 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

 Көктем шуағымен ілесе келетін, осынау  бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің символы іспеттес.

Қымбатты әйелдер қауымы!

Жер-жаһанның жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй әкелсін!

              Оқу-әдістемелік жұмыстар департаментінің ұжымы

ӘЙЕЛДЕР-АЙ!!!

Әйелдер-ай!

Әйелдер-ай!

Қандайсың?!

Әдемі боп кетіпсің ғой әрқайсың.

Біреу жеріп тұрса-дағы қалмайсың,

Біреу сүйіп тұрса-дағы бармайсың.

Әйелдер-ай!

Әйелдер-ай, қандайсың?!

 

Әйелдер-ай!

Әйәйлар-ай, қулар-ай,

Жанарлардың жауын алып тұрғаны-ай!

Біле тұра бүйректерің бүлк етіп,

Кетесіңдер тыңдай тұра, тыңдамай.

Әйелдер-ай!

Әй-әйлар-ай, қулар-ай!

 

…Әйелдерді еркектерден көп дейді.

Ойбай,

Ойбай!..

Бола берсін көп, мейлі!

Әйел деген әдемі ғой, әдемі,

Әдемілік бізге көптік етпейді…

Мұқағали Мақатаев