Адам ресурстарын дамыту басқармасы ағылшын тілін тереңдетіп үйрену тобына қастысуға ниет білдірушілерді жаңадан шақырады




11.01.2013

Құрметті әріптестер!

Адам ресурстарын дамыту басқармасы ағылшын тілін тереңдетіп үйрену тобына қастысушыларды жаңадан шақырады. Сабақтарды АҚШ-тан келген Jim Auld өткізетін болады.

Сабақтар  1,5 сағаттан аптасына 3 рет болады.

Аптасына 2 рет іскерлік ағылшын тілі бойынша HR саласына қатысты сабақтар өткізіледі (ниет білдірушілер үшін).

Оқу ақысы өз қаражатыңыздан төленетініне назар аударуларыңызды өтіне сұраймыз. Оқу ақысы 12 сабақ үшін айына 10000 (он мың) теңгені құрайды. Әр топтағы оқушылар саны  10 (он) адамнан аспайды.

Өтініштер 01.02.2013 жылға дейін қабылданады.

Бірінші топтың сабағы 14.01.2013ж. басталады.