«Қала күніне» орай өткен велошеру.




16.09.2013

14 қырқүйек  «Қала күні» қарсанында әсем қала Алматыда велошеру өтті. Ауқымды шараға қала тұрғындары мен Алматының көшбасшы университет ұжымдары қатысты. Айта кету керек, велосипед спорт түрінен жарыстарға, веложүрістерге қатысу  ҚазҰМУ-дың  дәстүріне айналды. Университет туын желбіреткен ҚазҰМУ студенттері осындай керемет шараларға қатысуды құптайтыны және оғанлайық екендіктерін тағы да дәлелдеді.Аталмыш велошеру Алматы қаласы әкімінің қатысуымен өтті. Бұл велошерудің басты мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастырған қала тұрғындарын спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру  және «Қала күнін» атап өту еді. Өткізілген велошеруге университетіміздің Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаменті , Дене тәрбиесі және денсаулық кафедрасы, ҚазҰМУ студенттері белсенді қатысты.Іс-шара меркелік көңіл-күйде өрбіді.                                                                                                                         Мәреге жеткен жеңімпаздар мен қатысушыларға жүлделер мен арнайы сыйлықтар табысталды.