Aлаш зиялыларының ұлттық құндылықтары




23.04.2019

2019 жылдың 17 сәуірінде жалпы медицина мамандығының 18-23-01,18-29-02- топ студенттерінің қатысуымен «АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ»  атты танымдық кеш  болып өтті. Кешті ұйымдастыруға үш факультеттің  студенттері атсалысып, кештің қызықты өтуіне өз үлестерін қосты. Кештің жүргізушілері: Төлеген Томирис және Аяжан.

Кешті ұйымдастырушылар: тілдік пәндер кафедрасының доценттері Р.Н.Дәрменқұлова, оқытушы А.Қ.Серікқалиева.

«АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ» Осыдан 100 жыл бұрын құрылған Алашорда арманының бүгінгі көрінісі – Тәуелсіз Қазақстан. Ал осы Тәуелсіз Қазақстан сол арыстардың бізге қалдырған аманаты.  Алаш идеясын бүгінгі жас ұрпақ бойына сіңіру мақсатында өткізілген осындай іс-шаралардың маңызы қашан да жоғары болмақ. Алаш қозғалысы, бұл – Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы.  Олардың алға қойған мәселесі – ұлтты сақтау. Ал ұлтты сақтау үшін алдымен оның жерін сақтау керек. Жерсіз ұлт та, қоғам да болмайды.

Кеш барысында Муханбетова Інжу «Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары» тақырыбында баяндама жасады.

Қазір қазақ халқының тағдыры туралы (8 минуттық)фильм көрсетілді.Сондай – ақ  студенттер Әлихан Бөкейханов рөлінде Гасанов Ескендір, орыс тергеушісі Атанбай Нұрдәулет, қазақ тергеушісі: Жолдасбеков Бақнұр Алаш азаматы Әлихан Бөкейхановтан түрменің қапас бөлмесінде бір орыс, бір қазақ тергеушісі жауап алып отырған көріністі жоғары деңгейде ойнады. Алаш десе, рухың сілкініп, ұлттық «менің» оянып, мақтаныш сезім билейді. ЖМ факультетінің студенті Қойбағарова Ақжамал Зар заманды  туралы өлең шумақтарын оқыды. Атақты ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Алаштың Әлиханын» шаттана жырлаған өлеңін ЖМ факультетінің студенті Зайналова Дилярам оқып берді. Алаш зиялыларының қоғамдағы орны туралы ақпаратпен 1- курс студенттері Мадина,Карина, Марина, Наргиза  таныстырды. Алаштың сер­келері – Әлихан Бө­кей­ханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Бай­тұрсынұлы, Халел Дос­мұ­хамедұлы, Міржақып Дулатұлы, Халел Ғаб­бас­ұлы, Мұхамеджан Тыныш­бай­ұлы. Алаш зиялыларының алдыңғы толқыны болып есептелетін осынау тұлғалардың әрбірі мемлекет басқаруға қабілетті еді.Қазақ тарихында Алаш арыс­тарының орны ерекше.Кеш жоғары деңгейде өтті.