«Алдар Көсенің айласы» қойылымының премьерасы.




17.04.2014

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде Студенттік театр көркемөнерпаздар үйірмесінің құрылғанына 1,5  жылдан астам уақыт өтті. Студенттік театрда қазақ және орыс  труппалары жұмыс істеуде. Былтыр 2013 жылы 9 Мамыр Ұлы Жеңіс  күніне университет ардагерлері құрметіне Б.Васильевтің  «А зори здесь тихие» пьесасы сахналанған болатын. Енді міне,  Наурыз мейрамына орай, Кәукен Кенжетаевтың пьесасы бойынша қойылған «Алдар Көсенің айласы» спектаклінің  премьерасы өтті. Қойылым премьерасына унииверситет әкімшілігі, профессорлық-оқытушылар құрамы, студенттер шақырылды. Премьераны көрермендер өте жылы қабылдады. Студенттер барынша өз өнерлерін, актерлық шеберліктерін жоғары дәрежеде көрсетіп, көрермендер жүрегіне жол таба білді. Қойылымда  ойнаған  студенттердің көбі жалпы медицина факультетінен. Спектакльде шайтандарды, Шықбермес Шығайбайды, Алашаханды  алдап түсірген айлалы Алдар Көсенің ролін жалпы медицина факультетінің 3 курс студенті Жақып Шыңғыс шебер ойнады. Сонымен қатар Алашахан- Есенхан Қазыбек, Құлан,Түлен шайтан рольдерінде қоғамдық денсаулық факультетінің 1 курс студенті Жарқын Заңғар және Жалпы медицина факултетінің 1 курс студенті Үмбетов Ерболат, Шығайбайдың қызы Бізбикені Ағманова Жанат, Әділді- Аяғанов Әзілхан, Алашаханның күйеуге шыға алмай жүрген  ерке қыздарын Мұратова Әдемі, Мақұлбекова Назгүл, жендеттерді- Серикбай Айдос, Абдибаев Жомарт, Шығайбайдың күндес әйелдері Бәйбішені -Ермекбай Айбек, тоқалды-Болатхан Айгерім, ал байлығы мен малын жанынан артық санайтын Шықбермес Шығайбай ролін Убенов Нұрлыбек сомдады. Студенттер сабақтарының қиындығына қарамастан күнделікті дайындыққа қатысып, өздерінің ұйымшылдықтарын көрсете білді. Спектакль режиссері- Бидибеков  Мәлік Ералыұлы. Қойылым декорациясын  дайындауда материалдық жағынан көмек көрсеткен университет қызметкерлер кәсіподақ комитетіне алғысымызды білдіреміз. Спектакль соңында студенттердің әлеуметтік-мәдени құзіретін дамыту департаменті және Университет әкімшілігі атынан студенттерге арнайы дипломдар, гүл шоқтары табысталды. Студенттік  театр әртістеріне тек қана шығармашылық табыс, оқуларында  озат болуларын тілей отырып, келешекте басқа да қойылымдарымен көрермендерді қуанта берсін демекпіз.

                                                                                                    Көркемдік жетекші С.А.Апсаттарова