«Алматы менің сүйікті қалам » атты факультеттік сабақтың есебі




29.05.2018

3.10.2017 жылы «Шет тілі және кәсіби шет тілі» кафедрасының оқытушылары Кайракбаева Г.С., Кыдырмолдина Э.Т, Рыспанова А.А.   «Алматы менің сүйікті қалам» атты факультеттік сабақ өткізді.

Іс-шараның мақсаты: студенттерді Алматы күнімен таныстыру.Алма-Ата – Қазақстанның ең әдемі және әрі кең қалаларының бірі. Бұл еліміздің бұрынғы астанасы және Орталық Азияның ең әдемі қалаларының бірі. Алматы Тянь-Шаньның ең әдемі жоталарының етегінде орналасқан . Көптеген  адамдар  Алматыны «бақша қаласы» деп атайды. Алма-Ата -күн шуақты және жасыл қала.Қала қызықты орындарға толы және жыл сайын миллиондаған туристер келіп тұрады.Бұл іс шараның танымдық және тәрбиелік мәні зор болды. Мерекелік кешке ФӨТ, жалпы медицина факультет студенттері қатысты.

Бұл іс шара студенттердің қызығушылығын тудырып, іс шараның өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және студенттердің шығармашылық әлеуеттігі мен тілдік құзіреттілігін дамытуда осындай іс шараларды өткізудің қажеттілігін атап айтты.

Зав. кафедрой, доцент                                             Сулейменова О.Я.