«Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым –Желтоқсан»-атты әдеби танымдық кештің ЕСЕБІ




08.02.2016

«Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым –Желтоқсан»-атты  әдеби  танымдық  кештің  ЕСЕБІ

07.12.2015 жылы сағат 12.00-де университет мұражайында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың 85-жылдық мерейтойына орай «Тәуелсіздіккүніне» арналған «Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым – желтоқсан» атты әдеби-танымдық кешөтті. Кеш қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілді.Кешке ректор кеңесшісі, профессор Ж.Ғ.Мустафина және кәсіби тілдерді дамыту оқу департаментінің директоры м.ғ.д., З.М.Жанкалова, кітапхана қызметкерлерімен университет оқытушылары қатысты.

Кеш Қазақстан Республикасының әнұранымен басталды.

Кеш барысындажелтоқсан оқиғасына және тәуелсіздікке арналған өлең-жырлар оқылды.Патриоттық әндер шырқалды және мың бұралған бишілердің өнерлері тамашаланды. «Желтоқсан оқиғасына қатысушы, Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың өмірінің соңғы сәттері» туралы сахналық көрініс қойылды.

«Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым – желтоқсан»  атты әдеби-танымдық кешті өткізуге  университетте оқитын орыс, ұйғыр, өзбек т.б. өзге ұлт өкілдері ат салысты.Жалпы медицина факультетінің 004-2 тобының студенті Бостанов Сағдат пен Әбдіхалық Наргизаның орындауындаларында күй жарысы болды. Жалпы медицина факультетінің 004 –топ студенті Исан Жадыра «Сәлем, сағат туған ел» атты әнімен көрермендерді тамсандырды. Қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің 00-2-ші топ студенттері Төлегенова Айдана мен Тұрсынов Ядикарь «Тәуелсіздік» туралы өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды. Жалпы медицина факультетінің 00-25-ші топ студенттері Ирсалиева Дияра, Шертаева Аида және Садирова Мехринсонның орындауларында «Гәкку» биі көрермендерді тәнті етті. 0025-топ студенті Иванова Кристина М.Шахановтың «Желтоқсан» туралы өлеңін оқыды.

Университет кітапханасы «Желтоқсан боздақтары және Тәуелсіз Қазақстан» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Кеште профессор Ж.Ғ.Мұстафинаға сөз берілді. Ол студенттерге ақыл-кеңестерін беріп,оларды Отанын, тарихын, елін, тілін сүюге шақырды. Сондай-ақ мұндай кештердің өтілуінің маңыздылығын да атап кетті.

Сондай-ақ қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент З.А.Абдуллина сөз сөйлеп, кешке ат салысқан оқытушыларға және кітапхана мен мұражай қызметкерлеріне алғысын білдірді. Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келмегендігін, осындай тәуелсіз, егеменді елде өмір сүріп жатқандығымызды мақтан етуіміз керектігін айтты.

 Кеш соңында өнер көрсеткен студенттер мақтау қағазымен марапатталды.

Жауапты оқытушылар: доцент Доскеева Б.Ж., аға оқытушылар Дәулетбекова Ж.С.,

Бураханова    Қ.С. және қазақ тілі кафедрасы