Ардақта, ана тіліңді




08.02.2016

«Ғасырларбойықазақтыңұлтретіндегі

мәденитұтастығынаеңнегізгі

ұйытқыболғаноныңғажайыптілі»

Н.Ә. Назарбаев

Ардақта, ана тіліңді

Мемлекеттік тіл – көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы.  Әр халықтың тілі өзіне ерекше құрметті. Тілдің байлығы, сөздік қорының өсуі халықтың өзіне байланысты. Халықтың тілін білсең, оның жанын сезінесің, тіл арқылы бүкіл адамзатқа тән идеяларға қол жеткізе аласың. Қазақстанда тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу, тіл мәртебесін көтеру, өз ұлтына, еліне деген патриоттық сезімін арттыру мақсатында ұйымдастырылған іс- шара «Мемлекеттік тіл-Қазақстан халықтарын біріктіретін  тіл» екендігін дәлелдей түсті.

23.09.2015 жылы №4 дәрісханада қазақ тілі кафедрасы мен СӘМҚДД-ға  қарасты  жастар мәдени шығармашылық орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен Қазақстан халықтарының «Тілдер күні» мерекесіне және С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың 85-жылдық мерейтойына арналған «Ардақта, ана тіліңді» атты әдеби-танымдық кешболып өтті. Кеш қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілді.

Кешке кәсіби тілдерді дамыту оқу департаментінің директоры м.ғ.д., З.М.Жанкаловамен университет оқытушылары қатысты.

Аталмыш кешті қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент З.А. Абдуллина ашып беріп, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге байланысты елімізде атқарылып жатқан жұмыстарға және сонымен қатар біздің университетте ұйымдастырылып жатқан іс-шаралардың орны туралы айтып өтті. Кеш барысында танымал ақын-жазушылардың тіл туралы ой-толғамдары айтылып, әр ұлттың тілдерінде ән шырқалды, мың бұралған бишілердің өнерлері тамашаланды. Өлең-жырлар оқылып, «Қазақтың үш биі» атты сахналық көрініс қойылды.

«Ардақта, анатіліңді»  атты әдеби-танымдық кешті өткізуге  университетте оқитын орыс, ұйғыр, өзбек, шешен, тәжік, кәріс, ингуш, дүнген т.б. өзге ұлт өкілдері ат салысып, өз тілдерінде және қазақ тілінде мерекелік құттықтауларын жолдады.Әр ұлттың өкілдері, мәселен, ЖМ факультетінің І курс студенті Нурова Зарина дүнген тілінде, ФӨТ мамандығында оқитын І курс студенті Сим Александра кәріс тілінде, Тилеуова Перизат өзбек тілінде өлеңдердімәнерлеп оқыды. Сондай- ақ, жалпы    медицина факультетінің І курс студенті Ахмедова  Алина қазақтың көрнекті ақыныС.Мауленовтың «Сол тілменен дүниені аттадым»  атты өлеңін нақышына келтіріп оқыса, қазақ бөлімінде оқитын жалпы медицина факультетінің І курс  студенті Румханова Арофат қазақтың көрнекті ақыны М. Шахановтың «Төрт ана» атты өлеңін оқып, көрермендердің қуанышына бөленді.

Біздің университеттің студенттері (ЖақсыбайНазгүл, Ақылбек Ғани) өз шығармашылығынан тіл туралы өлеңдерін оқып, тіл жанашырлары екенін көрсете білді.

Университет кітапханасы «Тіл тағдыры – ел тағдыры» атты кітап көрмесі ұйымдастырып, тілді дәріптейтін БАҚ жарияланған материалдар қойды.

Кешті ұйымдастыруға ат салысқан қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент З.А.Абдуллина, ф.ғ.к, доцент Р.Н.Дәрменқұлова, аға оқытушы А.Т.Рахымбаева және жастар мәдени шығармашылық орталығының жетекшісі С.А.Апсаттаровакөрермендердің алғысына бөленді. Сондай-ақ, ЖМ факультетінің 15-002 (1,2), 15-003(1,2)тьюторлық топтары белсене қатысып, көрермендерді тәнті етті.

Кеш соңында өнер көрсеткен студенттер мақтау қағазымен марапатталды.

Ана тіліңді қадірлеу-мемлекетіңді, ұлтыңды, өзіңді қадірлеу. Қазақстан егемендігін баянды етіп,оны әлемдегі озық елдердің қатарына қосу үшін мемлекеттік тілдің жетекші рөл  атқаратындығын естен шығармауымыз керек.