Арнайы (психометриялық) емтихан

«С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ  талапкерлерге арналған арнаулы  емтиханды өткізу (психометрикалық тестілеу)

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығының негізінде «Денсаулық сақтау» білім беру саласындағы жоғары білімнің білім беру бағдарламалары топтарына қабылданғысы келетіндер:

  • В084 Мейірбике ісі,
  • ВМ086 Медицина,
  • ВМ087 Стоматология,
  • ВМ088 Педиатрия
  • ВМ089 – Медико-профилактикалық іс

арнаулы емтиханды ескере отырып жүзеге асырылады, оны  Қазақстан Республикасының кез келген медициналық университетінде тапсыруға болады.

Психометрикалық тестілеу «ӨТТІ» немесе «ӨТПЕДІ» деген нысанда бағаланады.

Психометриялық тестілеу нәтижелері бойынша өтініш берушіге арнаулы емтихан тапсыратын орнына қарамастан медициналық жоғары оқу орындарына ұсыну үшін рұқсат беру ведомосінен үзінді көшірме беріледі.


Қабылдау комиссиясының адресі: 050000, Алматы қ., Масанчи көшесі, 38 (Төле би көшесінің қиылысы)

Тел.: 8727-338-70-27 (ішкі нөмір 7071, 7350)

Сізден нақты ақпаратты біздің сайттан қадағалап отыруды сұраймыз.