«Ашық есік» күні жүргізіледі




04.04.2014

 7 cәуір – Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні. Бұл күні біздің еліміздің көптеген медициналық мекемелерінде «Ашық есік» күні жүргізіледі. Бұл іс-шаралардың мақсаты – салауатты және белсенді өмір сүрудің маңызы жайлы тұрғындарға ақпарат беру.

Осыған орай қалыпты физиология кафедрасы және валеология   модулы «Организмнің функционалдық жағдайын бағалау» атты тақырыпта ашық есік күнін ұйымдастырады. Осы акция барысында әркім өз организмінің түрлі функционалдық жағдайын: бойы, салмағы, пульс, артериялық қан қысымының және ӨТС мөлшерлерін білуіне болады.

Құрметті ҚазҰМУ қызметкерлері мен студенттері! Сіздерді 7-сәуір күні сағат 10 00–ден бастап 2-оқу ғимраты, 2-қабатта орналасқан қалыпты физиология кафедрасына шақырамыз.