ҚазҰМУ 2014 ж. 10-12 маусым аралығында Астана қаласында өткен Жоғары білім асшыларының форумына қатысты




11.06.2014

ҚазҰМУ делегациясы – Унивесритетті дамыту институтының директоры орынбасары Сарсенбаева С.С., академиялық жұмыс департаментінің директоры орынбасары Славко Е.А., тіркеуші офисының басшысы Балапанова А. – Назарбаев Университетінде 10-12 маусымда өткен  Eurasian Higher Education Leaders Forum-ына қатысты. Бұл форум үшінші рет өтіп, АҚШ, Канада, Сингапур, Жапония, Ирландия елдерінен келген Назарбаев Университетінің серіктестері өкілдерінің басын қосты. Форумда Назарбаев Университетінің студенттерді оқыту, оқытушылар құзіреттіліктерін жоғарылату, тіркеуші офисының жұмысын ұйымдастыру тәжірибесі көрсетілді. Үш күн барысында үш сессия өткізілді: «Сәтті университет – сәтті болу деген не?; қалай сәтті болу керек; Студенттер және оқытушылар көзімен сәтті университет». Назарбаев Университетіндегі оқытуды ұйымдастыру және оқу үдерісін басқару Моделін көрсету және қатысушылардың пікір алмасуы ҚазҰМУ үшін білім беру сапасын көтеруде үлкен маңызға ие.

20140611_10014020140611_10032120140611_100127