«ҚазҰМУ медициналық білім үлгісі: медициналық кадрларды дайындау жүйесіндегі инновациялық технологиялар»




14.12.2011

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20-жылдығына және «Денсаулыққа 20 қадам» Ұлттық денсаулық Күніне арналған

 «ҚазҰМУ медициналық білім үлгісі: медициналық кадрларды дайындау жүйесіндегі инновациялық технологиялар»

 халықаралық қатысуымен өткен дөңгелек үстелінің

РЕЗОЛЮЦИЯСЫ

3 желтоқсан 2011 ж. ҚР денсаулықсақтау Министрлігінің жоспарына сәйкес ж»не С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің IV Университет күндері аясында  халықаралық қатысумен  «ҚазҰМУ медициналық білім үлгісі: медициналық кадрларды дайындау жүйесіндегі инновациялық технологиялар» дөңгелек үстелі өтті. Дөңгелек үстел ұйымдастырушылары оқу-әдістемелік жұмыс Департаменті және ҚазҰМУ білім сапасын зерттеу, бақылау және медициналық білім реформасын ғылыми негіздеу Орталығы.

Дөңгелек үстелге ҚР денсаулықсақтау Министрлігінің, республикамыздың жетекші медициналық жоғарғы оқу орындарының, тәжрибелік денсаулықсақтаудың өкілдері, ҚазҰМУ құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері мен қызметкерлері қатысты. Әртүрлі бағыттар бойынша 18 баяндама тыңдалды:  инновациялық технологиялар, оқыту әдістері мен түрлері; медицина мен фармация саласындағы мамандарды дайындаудың жаңа жолдары; компетенцияларын бағалау жүйелері; ҚазҰМУ кәсіби дайындаудың инновациялық үлгісі; дипломнан кейінгі дайындаудағы жаңашылдық; білім берудің, ғылымның және тәжрибенің интеграциясы; медициналық ЖОО оқытушыларын дайындау жүйесіндегі инновациялар. Талдауда Колумбия Университетінің (АҚШ) профессоры Тен В.С., Қазақстан Республикасы жобалық менеджерлері Одағының президенті, МАИН академигі, профессор Цеховой А.Ф., АСИПО ректоры, Қазақстан Республикасының штаттан тыс бас стоматологы, профессор Есембаева С.С., Қазақстан Республикасы фармнарығының дистрибьюторлары ассоциациясының директоры Гунько Н.А., Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінің медициналық білім беру орталығының жетекшісі Шалқарова Жанар Сейлубекқызы, Белорусь Мемлекеттік медицина университеті кафедрасының меңгерушісі Федулов Александр Сергеевич қатысты.

Дөңгелек үстел қатысушыларына ҚазҰМУ ұжымымен құрастырылған және басып шығарылған С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің медициналық білім үлгісінің төрт кітабы таныстырылды: (1) ҚазҰМУ медициналық білім үлгісін жүзеге асыру. Оқыту әдістері мен түрлері; (2) Студенттерді кәсіби дайындау үрдісінде құқықтық компетенцияларын қалыптастыру стратегиясы; (3) Оқу деңгейлері бойынша компетенцияларын бағалау (базалық медициналық білім – бакалавриат); (4) Интернатурадағы компетентті–бейімдетілген білім беру бағдарламасы.

 

  Дөңгелек үстел жүргізілуін негіздеу:

2030 жылға дейін Қазақстанның даму стратегиясы өзінің бірінші міндеттерінің бірі ретінде білім берудің ұлттық үлгісін құрастыруды таңдады. Осыған байланысты медициналық жоғары оқу орындарында білім беруді дамытудың негізгі бағыттарының бірі оқытудағы сапалы жаңа жүйелі жолының негізінде маманның жаңа үлгісін қалыптастыру болып табылады.

Республикамыздағы медициналық-демографиялық жағдай, медициналық көмек көрсетілуіне деген тұрғындардың наразылығы, медицина маманының тұлғалық қасиеттерінің даму деңгейінің төмендігі, өзінің кәсіби қызметіне деген қанағаттанушылықтың төмендігі, медициналық көмектің көрсетілуіндегі қателіктердің өсуі және басқалары медициналық қызметкерлерді дайындауда негативті тенденциялардың байқалатындығының куәсі болып табылады, нақты айтқанда, кәсіби дайындаудағы жоғары деңгейдің жеткіліксіздігі. Медициналық теория және тәжрибені талдау кәсібилілік және маманның кәсіби жетілуі негізінде кәсіби міндеттерді дұрыс шеше алатын білікті компетентті медициналық қызметкерге деген әлеуметтік мұқтаждық пен медициналық білім беру мекемесіндегі оны дайындаудағы нақты тәжрибе арасындағы қарама-қайшылықты көрсетті. Осы қарама-қайшылықты шешу үшін инновациялық технологияларды қолдана отырып, болашақ дәрігерлердің кәсіби қалыптасу үрдісінің қарқынын арттырудағы мәселелерді шешу қажет, ол медициналық қызметкерлердің еңбек тиімділігін арттыру қорларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

 

    Резолюцияның негізгі қалыптары:

Тәуелсіз Қазақстанның жетекші Ұлттық инновациялық-бейімдетілген медициналық жоғарғы оқу орнында «ҚазҰМУ медициналық білім үлгісі: медициналық кадрларды дайындау жүйесіндегі инновациялық технологиялар» дөңгелек үстелінің өткізілуі медицина мен фармацияның білікті және компетентті мамандарын дайындауды жетілдіру бойынша міндеттерді жүзеге асырудағы заңды және негізді қадам болып табылды.   

Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында медициналық кадрларды дайындаудағы инновациялық оқыту әдістері мен түрлерін кеңейту және енгізу қажеттілін түсінігін айтарлықтай кеңейтетін бірқатар шынайы баяндамалар тыңдалды, сонымен қатар олар келесі шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді:

  1. Денсаулықсақтауды дамытудағы 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік Бағдарламасының қалыптарын жүзеге асыра отырып, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ҚР медициналық жоғарғы оқу орындарының ішінде алғашқылардың бірі болып медициналық білім Үлгісін жасады және таныстырды, оны жүзеге асыру оқушылардың барлық категориясын оқытуда тиімді оқыту әдістерін қодануға негізделген. Осы үлгі ҚР осыған ұқсас медициналық білім үлгісін құру үшін матрица болуы мүмкін.
  2. ҚазҰМУ медициналық білім үлгісінің жүзеге асырылуын бақылау университеттегі жасалып жатқан жұмыстардың күшті және әлсәз тұстарын көрсетті, ол педагогикалық шеберлікті, студенттерде негізгі компетенцияларды қалыптастыру әдістеріне оқытуды жетілдіруге бағытталған түзетуші шараларды жоспарлауға мүмкіндік береді.
  3. Оқыту әдістерін жетілдіруге бағытталған ұлттық медициналық білім үлгісін жүзеге асыру үшін медициналық ЖОО оқу-материалдық базасын жетілдіру және ресурстық мүмкіндіктерін кеңейту қажет (заманауи құрылғылар, техникалық құралдар, тәжрибелік дағдылар және медициналық симуляциялар орталығы, және басқалары).
  4. Қойылған мақсаттарға жеткізу, білім беру сапасын, қол жетімдігін және тиімділігін қамтамасыз ету үшін медициналық жоғарғы оқу орындарында әртүрлі категориялы инновациялық оқыту әдістерін қолдану дәлелденген (PBL, TBL, кейс-стади, белсенді және жобалық әдістер, және басқалары).
  5. Оқытудың инновациялық әдістері танымдық жұмыстарды ұйымдастырудың арнайы түрлерін қолдануды талап етеді және нақты және болжамды мақсаттарды қояды, мысалы, оқуда қолайлы жағдайлар жасау және оқушылардың оқыту әрекеттеріне қатысуын қамтамасыз ету, ол оқу үрдісін өнімді етеді.
  6. Оқыту әдістерін таңдауда және біріктіруде келесі критерийлерді жетекшілікке алу қажет: әдістердің оқыту принциптеріне, берілген тақырып мазмұнына, оқушылардың жастық, психологиялық оқу мүмкіндіктеріне; дайындалу деңгейіне (біліміне, тәрбиесіне және дамуына), жасалған жағдайларға және оқытуға бөлінген уақытқа, қосалқы оқыту құралдарының мүмкіндіктеріне, оқытушылардың өздерінің мүмкіндіктеріне сәйкес келуі.
  7. Барлық өмірінің ағымында қажеттілігіне қарай өзбетінше жетілу және өзбетінше дамуға байланысты студенттермен түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
  8. Кәсіби ұйымдарды білім бағдарламаларын жасауға, барлық категориядағы оқушылардың компетенцияларын бағалауды жүргізуге жұмылдыру.
  9. Ірі көлемді студенттік ұтқырлықты қолдау және оқитын пәндері мен өздерінің «авторлық» оқыту әдістемесін ұсынатын оқытушыларды таңдауда студенттердің құқығын қамтамасыз ету үшін европалық есептеу бірлігінің кредитті-модульдік жүйесін жасау және енгізу.
  10. Дөңгелек үстел медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша кредитті-модульдік оқыту бағдарламасын жүзеге асырудағы интегрирленген білім беру бағдарламаларын жасау және енгізудің маңыздылығын көрсетті.
  11. Студенттердің өзбетінше білім алуы үшін жағдай жасау және медициналық ЖОО оқытушыларының педагогикалық компетенцияларын жетілдіру және дамытуда ауқымды жұмыс жүргізу қажет. Осы мақсатта Х.С.Насыбулина атындағы педагогтар мектебін, сонымен қатар ДҰМ (ШОЗ) жазғы және қысқы мектептерін құру және оның қызмет етуіндегі ҚазҰМУ жұмыстары бойынша тәжрибе алмасу ұсынылды.
  12. Дөңгелек үстел шығармашылық потенциалын және оқушылардың өзбетінше жетілу мүмкіндіктерін ашу мақсатында білім берудің, клиникалық тәжрибенің және ғылымның интеграциялануында маңызды рөл атқарады.

Дөңгелек үстел заманауи медициналық білім беру барлығының қолы жетерлік;  үздіксіз; сапалы; жан-жақты; қазіргі технологияларға негізделген; белсенді (яғни, белсенділікке, оқушылардың өзбетінше жұмыс істеуіне, ауыспалы жағдайларға бейімделу мүмкіндігінің жетілуіне аса назар аударылуы қажет); денсаулықсақтау қажеттілігіне сәйкес болуы керек  екендігін тағы бір рет дәлелдеді.

Дөңгелек үстел қатысушылары бұдан кейін де тәжрибе алмасу және медициналық кадрларды дайындауды жетілдіруге жұмсалатын күштерді координациялауда осындай шаралардың жүргізілуі мақсатты және қажетті екендігін бірауыздан қолдады.