ҚазҰМУ-ның «ДЕМЕУ» студенттер қоғамдық бірлестігінің 01.01.2013ж. 31.01.2013ж. аралығында өткізілген іс-шаралар туралы есебі




30.04.2013

1)      Жылсайынғы өткізілетін, ҚазҰМУ-дың Халел Досмұхамедов атындағы “Қоғамдық Денсаулық Сақтау” мектебінде 4-ші Қысқы Халықаралық мектебі болып өтті. Аталған іс-шараға алыс-жақын шет елдерден келген визитинг профессорлар қатысып, дәрістер мен мастер кластар өткізсе, еліміздің алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының студенттері өз білімдерін көрсетіп, қоғамдық денсаулық сақтау тақырыбында білімдері мен біліктіліктерін ортаға салып, құрбыларымен бөлісті. Аталған іс-шарада студенттерді қолдау мақсатында сертификаттар, тренинг өткізуге керекті біршама жабдықтар алуға қаржылай көмек көрсетілді. Жұмсалған қаржы: 30,000 теңге (отыз мың теңге).

2)      Университет күндері аясында, Студенттік Үкіметтің ұйымдастыруымен Еліміздің түпкір түпкірінен белсенді, үздік студенттер шақырылып,  Университетімізде атқарылып отырған шаралармен таныстыру, болашақта ынтымақтастықты нығайту мақсатында іс-шара ұйымдастырылған болатын. Сол студеттерге естелік сыйлықтар алуға, және бірлекен дөңгелек үстел ұйымдастыруға, қаржылай көмек берілді. Жұмсалған қаржы: 15,000 теңге (он бес мың теңге).

3)       Жаңа жыл-2013 атты жаңа жылды атап өту кеші де назардан тыс қалмады. №2 жатақханада өткізілген мерекелік концертке қатысушы студенттерді қолдау мақсатында, студенттерге сыйлықтар алынды. Жұмсалған қаржы:  10,000 теңге (он мың теңге).

4)      «Демеу» студеттер қоғамдық бірлестігінің атқарушы алқа құрамында университетіміз үшін аянбай қызмет жасап жүрген әрбір факультеттің белсенді студенттеріне-3000 теңге(үш мың теңге) көлемінде сыйлықтар берілді. Жұмсалған қаржы: 30,000 (отыз мың теңге)

5)      Студенттерге материалдық көмек-43,550мың теңге (қырық үш мың бес жүз елу бес теңге).

6)      Өзге де шығындар (банк қызметі, салық)-12,215 (он екі мың екі жүз он бес)

Жалпы жұмсалған қаржы: 140,765 (жүз қырық мың жеті жүз алпыс бес теңге).