ҚАЗҰМУ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІН ЖОҒАРЫЛАТУ




23.04.2014

2014 жылдың қаңтар айынан бастап Х.С.Насыбуллина атындағы педагогикалық шеберлік мектебінің базасында педагогикалық әлеуетті жоғарылату және құзыретті (дипломнан кейінгі даярлау оқу бағдарламаларын бағалау бойынша сарапшы, тиімді оқытушы) дамыту мақсатымен Университет оқытушылары үшін семинарлар мен тренингтер топтамасы өткізілді.

23-25 қаңтар 2014 ж.  профессор Дэвид Гордон (David Gordon), Еуропа медициналық мектептерінің Ассоциациясының президенті (AMSE), Бүкіләлемдік медициналық білім беру федерациясының президенті (WFME) PhD докторантура, магистратура және резидентура бағдарламаларының жетекшілерін даярлау бойынша семинар өткізді. Семинарға оқытушылар мен 40 бөлімше басшылары қатысты.

24-28 наурыз 2014 ж. Майами Университетінің оқытушылары (США)  «Медициналық білім берудегі зерттеулер» Гордон орталығының визитинг профессорлары  проф. Ross J.Scalese и Ilya Shekhter Университеттің 56 оқытушысы қатысқан «iSIM—Improving Simulation Instructional Methods/ Симмуляциялық оқыту әдістерінің жақсаруы» атты семинар-тренинг өткізді.

14-15 сәуір 2014 ж.  Здравко Ласкович (Zdravko Lacković), ORPHEUS – Еуропадағы медициналық ғылымдардың және биомедициналық PhD білім беру бойынша ұйымдастырулардың негізін қалаушы және президенті Университеттің 56 оқытушысы және 6  PhD-докторанты қатысқан «PhD-докторантура бағдарламаларын ұйымдастыру» атты семинар-тренинг өткізді.   

Әрбір семинардың қорытындысы бойынша жаңа оқыту технологияларын және оқу бағдарламаларын үйлестіруді енгізу бойынша іс-шаралар жоспары өңделді.