ҚАЗҰМУ РЕКТОРЫ АЙҚАН АҚАНОВТЫҢ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ




21.03.2011

Қымбатты достар, ардақты әріптестер!

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймын!

Ежелден келе жатқан бұл ерекше мереке біз үшін көктемгі жаңарудың, тіршіліктің жандауының, табиғаттың гүлденуінің, береке-бірліктің белгісі іспеттес. Дәл осы қасиетті күні біздің ата-бабамыз өздерінің қол жеткізген жетістіктерін саралап, алдағы жоспарларын анықтаған.

20 жылдан астам уақыт бұрын біз Наурыз мерекесінің өнегесі мен тағылымы мол ежелгі дәстүрлерін қайта жаңғырттық. Сөйтіп, Жаңа жылды ұлттық дәстүр аясында қарсы алуға, бір-бірімізге ерекше ықылас танытып, денсаулық, бақ-береке тілеуге  тағы бір рет ерекше мүмкіндік алдық. Бұл күндері өткенді саралап, келер жылға жаңа жоспарлар құрамыз. Біздің Университеттің жетістігі, қарқынды аяқ алысы – біз үшін үлкен мақтаныш. Әрбір көктемді, оңтайлы өзгерістерді қуанышпен, алдағы уақыттағы игі жақсылыққа деген нық  сеніммен қарсы аламыз, бір-бірімізге бақ-береке, ырыс-ынтымақ тілейміз.

Сіздерге, сіздердің жақын туған-туысқандарыңызға денсаулық,  көктемгі көңіл-күй, сәттілік пен жемісті, жеңісті күндердің көп болуын тілеймін.

Ойға алған барлық арман-мақсаттарыңыз жүзеге ассын.

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

 Құрметпен,

 ҚазҰМУ ректоры                                                                           Айқан Ақанов