ҚАЗҰМУ ҮШ ТІЛДІ ОҚЫТУДЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫ ТАЛДАУ




24.12.2012

Бағдарламаның мақсаты көптілді оқыту саласындағы Қазақстан Республикасының саясатын жүзеге асыру. Үштілді оқытудың жаңа концептуальды бағдарламасы студеттердің мемлекеттік, орыс және шетел (ағылшын) тілдерінде еркін сөйлесуге мүмкіндік беретін, тілді ортаның қалыптасуына бағытталған.

Үштілді оқытудың бағдарламасы қалыптасудың реттілігі және бағалауға болжанған, сатылы құрылымнан тұрады:

I саты – «бастапқы» – билингвальды оқыту кіші курстарда пәнді меңгерудің  -80%  оқыту тілінде және 20% екінші тілді «енгізу» (қазақ тілінде оқитын студенттерге бірқатар пәндер орыс тілінде оқытылатын болады және керісінше).

II саты – «даму» – трилинвальды оқыту 3-5 курстарда пәнді меңгеру негізгі тілде   60% дейін жүргізіледі, сонымен қатар 20% – профильді пәндерді екінші тілде оқыту және 20% элективтерде ағылшын тілінде жүргізуді қарастыруда.

III саты – «жетілдіру» – 3 тілде оқытудың интенсификациясы – оқыту тілі (60%), екінші тіл (20%), ағылшын тілінде (20%).

ҚазҰМУ бағдарламасы 2012 ж. тамыз айында авторлық құқыққа рәсімдеуге интеллектуальды меншік бойынша Комитетке берілді.

 

22.10 – 31.10.12 ж. аралығында БСБЗжәнеМБРҒТН Орталығымен ағылшынды –  үштілді оқытуды енгізумен жағдайды оқып, зерттелді.

Талдау 2 бөлімнен тұрады:

1)  университеттің ағылшын тілді оқытушыларын дайындау.

2)  ағылшын тілінде білім беру бағдарламасын енгізу.

 

1 бөлім. 

Университеттің ағылшын тілді оқытушыларын дайындау

 

Үш тілді оқыту Бағдарламасын жүзеге асырудың бастамасы ретінде, университет алдында медициналық білімі бар ағылшын тілді педагогтарды іздеу бойынша міндет тұрды. 2011 жыл қыркүйек-қазан айларында «Жаңа оқу жылында оқу үрдісіндегі күтілетін өзгерістер» ҚазҰМУ қызметкерлері арасында БСБЗжәнеМБРҒТН Орталығының жүргізілген сұрақнамасына оқытушымен ағылшын тілін меңгеру деңгейі туралы сұрақ енгізілген болатын. Келесі мәліметтер анықталды: оқытушылардың 5% ағылшын тілін еркін меңгерген, дегенмен оны педагогикалық жұмысында ешқашан қолданбаған; сұрақнамаланғандардың 12% ағылшын тілінде толығымен түсіндіре алатындығын жеткізген; ал 45% сөздікке жүгінеді екен;  14% респонденттер «басқа» шет тілін оқыған; 24% сұраққа жауап бермеген.

Осыған байланысты үш тілді оқыту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ағылшын тілінде оқытатын ағылшын тілді оқытушыларды дайындаудың стратегиясы жасалынды.  Оның бірінші сатысы 2011-2012 оқу жылына сәйкес келді.

Өткен оқу жылында ағылшын тілін оқуға 96 оқытушылар кірісті, оның үшеуі оқудың бастапқы сатысында болғандықтан жалғастыра алмады, қорытындысында ағылшын тілінен курсты ҚазҰМУ есебінен 93 оытушылар тамамдады. 1 кестеде шет тілін оқытудың бағдарламасы мен деңгейі, оқытушылар санының мәліметі көрсетілген. «London standard» бағдарламасы бойынша 48 және  «Inter Press» бағдарламасы бойынша – 45 адам оқытылды.

40 (43%)  оқытушылар екінші деңгейде (beginner кейін) «Elementary» оқығандықтары назар аудартады, ол ағылшын тілінде студенттермен педагогикалық жұмысты жоспарлау үшін жеткіліксіз, яғни бұл деңгей элементарлық ағылшынды (present) қымбат тұратын бағдарламаны 3-4 ай бойына оқуды қарастырады. Аз дегенде осы оқытушылар тобы ағылшын тілінде сабақ беруді бастауы үшін ағылшын тілін бір жылдан кем емес үзіліссіз оқуға тиіс.   Оқытушылардың осы тобы үш тілді оқытудың бағдарламасын жүзеге асыруға жаңа оқу жылынан бастап кірісе алмады және оның үстіне әдістемелік материалдарды құрастыруға қатыса алмады. Осы бойынша оқытылатын топқа оқытушыларды жинаудың стратегиясы дұрыс ойластырылмаған. Соған қарағанда университеттің оқытушылары арасында «ағылшынды қанағаттанарлық білетіндердің» оқуға үміткерлердің санының жеткіліксіздігімен немесе оқытушылардың ақысыз оқуға ынталарының болмағандығымен байланысты. Дегенмен, студенттердің басым бөлігінде болжағанымыздай ағылшын деңгейі «жоғары емес» немесе «орташа» болғандығын ескерсек, элективті өту барысында шет тілінен оқытушылар мен студенттер арасында «өзара оқыту және өзара жетілдіру»  үрдісі дамиды.

Қазіргі таңда 93 бұрынырақта оқытылған оқытушылардың 43 адамы тілді құзыреттілікті  жалғастыруда, оның екеуі Болашақ бағдарламасы бойынша шетелде оқуда. Оқытушылардың қалған бөлігі (48) әртүрлі себептермен ағылшын тілін оқуды жалғастыра алмауда (декреттік демалыста – 1, жұмыстан шыққан – 6,  «уақыттары жоқ» – 16, «ҚазҰМУ оқуды жалғатыруды күтуде – 25). Дегенмен, оқытушыларды тікелей сұрақнамалағанда «ҚазҰМУ де ағылшын тілін ақысыз оқытуды жаңартады ма жоқ па» басым бөлігі қызығушылық білдірді.

Адамдар ресурстары Басқармасының мәліметтеріне сәйкес  2012-2013 оқу жылында ағылшын тілін оқуға ҚазҰМУ  112 қызметкерлері жазылған, оның ішінде  2 қызметкер НОЛ, 3 АУП, 29 стажеров-оқытушылар, 27 Жоғары медициналық мектептің оқытушылары.

 

1 кесте. 2011-2012 оқу жылында Университеттің есебінен оқытылған, ПОҚ тізімі

 

Саны

Ағылшын тілінің деңгейі

 Elementary

40

 Pre intermediate

44

  Intermediate

7

 Upper intermediate

2

БАРЛЫҒЫ

93

 

Аталған бағдарламалар бойынша 2012-2013 оқу жылында оқытуды жалғастыру:

Pre  intermediate (ҚазҰМУ тыс)

15

Pre  intermediate (ҚазҰМУда)

5

Intermediate

22

Advance жеке бағдарл.бойынша

1

Оқытуды жалғастырғандардың БАРЛЫҒЫ

 

43

Оқытуды жалғастырмады

41

Декреттік демалыста

1

Болашақ бағдарламасы бойынша оқытылады (Англия, Израиль)

2

ҚазҰМУ шығып кетті

6

 

2012-2013 оқу жылында (2 кесте) педагогикалық және әдістемелік жұмыстарға сәйкесінше 32  және 35 адам кірісті,  оның 7уі студенттерді оқытуды және 26 әдістемелік жұмыстарды жасауды жоспарлауда, олардың 93-і өткен жылы оқығандар.  Олар Pre intermediate төмен емес деңгейде оқығандар, олар тілдік құзыреттіліктерді өзбетінше жалғастырады.  Күткеніміздей, Elementary деңгейінде оқыған 40 адам студенттермен сабақ жүргізе алмады, дегенмен олардың бір бөлігі өзбеттерінше оқуды жалғастыруда, сірә болашақта ағылшын тілді оқытушылардың ұжымына қосылуы да мүмкін.

 

2 кесте.  Ағылшын тілінде сабақ пен әдістемелік жұмысты өткізуде оқытушылардың қатысуы

Қазіргі уақытта сабақтар ағылшын тілінде өткізіледі

ия

32

жоспарлануда

7

жоқ

44

нақты жауап бермеді

10

БАРЛАҒЫ

93

Ағылшын тілінде әдістемелік материалдарды құрастыруға қатысу

Мақалалар, ПОӘК, элективті бағдарламаларының аудармалары

35

Әдістемелік жұмыстарды жоспарлауда

26

Қатыспайды

26

Нақты жауап бермейді

10

БАРЛЫҒЫ

93

 

2 бөлім.

Студенттерді оқыту.

 

Үш тілді оқыту бағдарламасын енгізу 2010 ж. басталды. Ол коммуникативті дағдылар және клиникаға кіріспе кафедраларында оқытудың пилоттық  бағдарламалары түрінде болды. Студенттер пәннің жекелеген тақырыптарын ағылшын тілінде оқыды.

Үстіміздегі оқу жылынан бастап, ОӘЖД 1-ші курстан бастап, үш сатылы бағдарламаны жүйелі жүзеге асыру басталды, оның негізінде ағылшын тілінде оқуда студенттердің 100% жұмылдыру жатыр.

1 саты.  Бірінші курста барлық студенттер МЖМБС сәйкес ағылшын тілін және екінші тілді (орыс немес қазақ тілдерін) оқитын болады.

2 саты. 2011-2012 оқу жылының аяғында оқу департаменттеріне ағылшын тілінде элективтерді жасаудың үйлестіру тапсырылған болатын.  2012-2013 оқу жылының басында оқытудың барлық факультеттер мен курстарының студенттеріне арналған 35 астам элективтер құрастырылды, олардың 3   интегрирленген (бірнеше кафедралармен жүргізіледі):

–       «жалпы медицина» мамандығы үшін  – 18 элективтер

–       «денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы үшін – 4

–       «медбике ісі» мамандығы үшін – 3

–       Стоматология мамандығы үшін стоматология, фармация, фармацевтикалық өндірістің технологиясы, медико-профилактикалық іс, денсаулық сақтаудағы менеджмент және фармация ағылшын тілінде   2 элективтен жасалды.

«Жалпы медицина» мамандығының 1 курсында ағылшын тілінде оқытумен екі топ ұйымдастырылды.

 

3 саты. Интернатура, резидентура, магистратура деңгейінде ағылшын тілінде оқыту.

 

Жүзеге асырудың сатылары бағдарламаның тиімділігі мен нәтижелілігін бағалаумен бірге жүргізіледі, сонымен қатар жақсарту бойынша ұсыныстар беріледі.

 

Ағылшын тілінде элективтерді таңдаған студенттердің жалпы саны    4348 құрады (бұл талдауда интернатурадағы оқытудың үш тілді бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижелері көрсетілмеген).  Төменде 3-9 кестеде элективті пәннің мамандығы мен атауына байланысты элективтердің рейтингі келтірілген.

«Жалпы медицина» факультетінде барлық студенттерге арналып, ұсынылған «Бірінші медициналық көмек көрсету бойынша тәжірибелік дағдылар» тақырыбындағы тәжірибелік дағдылар Орталығының (ТДО)  элективі ең жоғарғы ұстанымды алады, оны 2 курстың 861 (82,9%)  таңдаған, сонымен қатар «ТЖ жағдайында шұғыл медициналық көмек» элективін – 3 курстың 594 студенттері  (69,1%) таңдады.

«ЖМ» факультеті 2,3,5 курстың барлық 2714 (92,9%) студенттері ағылшын тілінде оқытылады, оның ішінде «ЖМ» факультетінің 227 студенттері педиатриялық профилдің элективтерін таңдады.  Оқыту курстары бойынша мәліметтер: 2 курс – 920 адам (88,5%), 3 курс – 871 (100%) студент, 5 курс – 527 (60,5%) студенттер.  «ЖМ» факультетінің 2,3,5 курстарында 117 шетел студенттерінің оқитындықтарын ескеруіміз қажет.

Стомфакультеттің барлығы 295 студенттері ағылшын тілінде оқуды таңдаған. Оның ішінде 2 курс – 139, 3 курс – 156 студенттер, яғни 100% қамтылған.

Фармация факультетінің  303  студенттері ағылшын тілінде оқиды:  2 курс – 142 адам,  3 курс – 97, 4 курс – 77 студенттер, 5 курс – 82 оқушылар. Қорытындысында 100 % студенттер қамтылған.

«Фармациядағы және денсаулық сақтаудағы менеджмент» факультетінің барлығы 103 студенттері оқытудың ағылшын тіліндегі элективтер бағдарламасын оқуда.

«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша – 556 студенттері ағылшын тіліндегі элективтерді таңдады.

«Медико-профилактикалық іс» факультетінің студенттері – барлығы 148 адам ағылшын тіліндегі элективтерде оқытылуда.

Қорытындылай келе, оқытудың үш тілді бағдарламасымен  барлық факультеттің 2,3 курс студенттері, 4 курстың –«фармация» факультетінің, «медико-профилактикалық іс»,  «медбике ісі», «қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтары бойынша,  5 курстың «жалпы медицина» және «фармация» мамандықтары бойынша студенттер 100% қамтылған.

Барлық элективтердің сәйкесінше оқытудың тілінде әдістемелік ілеспелері (ПОӘК) бар, дегенмен ағылшын тіліндегі аудурмаларын тексеріп бағалау мүмкін болмады.  Кафедраларды іріктеп, сұрақнамалағанның нәтижелері бойынша(12), олардың жартысы ақылы тілмаштардың қызметіне жүгінген.

 

3 кесте. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша элективтердің рейтингі

 

Кафедра курс Элективті пәннің атауы саны ұстанымы
1 ТДО 2 Біріншілік медициналық көмекті көрсету бойынша тәжірибелік дағдылар 861 1

 

2 ТДО 3 ТЖ жағдайында шұғыл медициналық көмек 594 2
3 КЛД 5 Клиникалық тәжірибеде зертханалық диагностика 480 3

 

4 №3 хирургиялық аурулар 5 Хирургиядағы эндоскопиялық технологияның негіздері 170 4
5 №1 балалар аурулары 3 Балалар ауруларының пропедевтикасы. Балалар ағзасының ерекшеліктері 145 5

 

6 Аллергология  курсы 3 Аллергиялық аурулардың диагностикасы мен емінің қағидалары  

132

 

5

7 №2 Акушерлік және гинекология 5 Акушерлікте патологиялық жағдайды жүргізудің тәсілі 67 6
8 Клиникалық фармакология 5 Дәрілік препараттардың өзара әсері және жанама әсері  

67

 

6

9 Латын тілінің курсы 2 Медициналық терминологиядағы латын тілі 59 7
10 №3 хирургиялық аурулар 5 Хирургиядағы гемотрансфузиологияның қағидалары 59 7
11 Неонатология 5 Жаңа туған нәрестелердегі неврологиялық симптомдары және синдромдар  

46

 

8

12 Дерматовенерология 5 Ішкі аурулар клиникасындағы терінің зақымдануы. Әлеуметтік  – маңызды тері және венерологиялық аурулар  

43

 

8

13 №2 балалар аурулары 5 Педиатриядағы функциональды- аспаптық диагностика  

26

 

9

14 Оториноларингология 5 ЛОР –ағзаларының эндоскопиялық диагностика және эндоскопиялық хирургия  

22

 

9

15 Балалар  жұқпалы аурулары 5 Балалар жасындағы ауруларды интегрирленген жүргізу  

10

 

10

16 Жұқпалы аурулар 5 АИВ – инфекциясының эпидемилогиясы және алдын алу  

9

 

10

17 Аллергология  курсы 5 Акушер – гинекологтың тәжірибесіндегі  клиникалық аллергологияның негіздері  

8

 

10

 

4 кесте. «Стоматология» мамандығы бойынша элективтердің рейтингі

 

Кафедра курс Элективті пәннің атауы саны ұстанымы
18 Коммуникативі дағдылар, психотерапияның негіздері 3 Психотерапияға кіріспе 156 1
19 Нутрициология 2 Тиімді және теңестірілген тамақтанудың негіздері 139 2

 

5 кесте. «Фармация» мамандығы бойынша элективтердің рейтингі  

 

Кафедра курс Элективті пәннің атауы саны ұстанымы
20 Фармацевт-аналитик 2

 

Фармацевтикалық терминология 105 1
21 фармацевт-менеджер  

3

Кәсіби қатынастың этикасы. Фармацевтикалық қамқорлық 97 1
22 Фармацевт-технолог  

5

Гомеопатиялық дәрілік заттар 82 2
23 Фармацевт-аналитик 4 Дәрілік заттарды алу және зерттеу 77 3
24 Фармацевт-технолог (фармацевтикалық өндірушінің технологиясы)  

2

Фармацевтикалық технологияға кіріспе  

37

 

4

 

6 кесте. «Менеджмент» мамандығы бойынша элективтердің рейтингі

 

Кафедра курс Элективті пәннің атауы саны ұстанымы
25

Коммуникативті дағдылар, психотерапияның негіздері, жалпы және медициналық психология

 

 

1

Мәдениет пен деонтология жүйесіндегі

биоэтика

 

 

21

 

 

 

1

26

Денсаулық сақтаудағы менеджмент және маркетинг

4 Менеджменттегі  контроллинг 3 2

 

7 кесте. «Медбике ісі» мамандығы бойынша элективтердің рейтингі

 

Кафедра курс Элективті пәннің атауы саны ұстанымы
27 Денсаулық сақтаудың саясаты және басқару

 

 

2

Интегрирленген электив –

Тиімді және теңестірілген тамақтанудың негіздерімен денсаулықты нығайту

 

54

 

1

Нутрициология
28 Коммуникативті дағдылар, психотерапияның, жалпы және медициналық психологияның негіздері  

3

Медициналық құқық негіздерімен медицина қызметкерінің кәсіби этика және деонтологиясы  

40

 

2

29

Денсаулық сақтаудағы менеджмент және маркетинг

 

4

Менеджменттегі  контроллинг  

35

 

2

 

8 кесте. «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша элективтердің рейтингі

 

Кафедра курс Элективті пәннің атауы саны ұстанымы
30

Жалпы гигиена және экология

 

4

Қоршаған орта объектілерінің ластануынан тұрғындар денсаулығының қаупін бағалау  

234

 

1

31

Еңбек гигиенасы

 

5

Еңбек медицинасы – денсаулық сақтаудағы жаңа бағыт  

189

 

2

32

Денсаулық сақтаудың саясаты және басқаруы

 

 

2

Интегрирленген электив –

Тиімді және теңестірілген тамақтанудың негіздерімен денсаулықты нығайту

 

68

 

3

Нутрициология

33 Микробиология, вирусология и иммунология  

 

3

Интегрирленген электив –

Медицинадағы микробиологиялық диагностика

 

 

65

 

 

3

Инфекционные и тропические болезни.

Фтизиопульмонология

 

9 кесте. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша элективтердің рейтингі

 

Кафедра курс Элективті пәннің атауы саны ұстанымы
 

34

 

 

Микробиология, вирусология және иммунология

 

 

3

Интегрирленген электив –

Медицинадағы микробиологиялық диагностика

 

 

78

 

 

1

Инфекциялық және тропикалық аурулар

Фтизиопульмонология
35

 

Саясат және денсаулық сақтауды басқару

 

2

Интегрирленген электив –

Тиімді және теңестірілген тамақтанудың негіздерімен денсаулықты күшейту

 

70

 

1

Нутрициология

 

 Қорытынды.

Қазіргі сәтте кафедралармен элективтерді жасау, әдістемелік құжаттарды дайындау, элективтер каталогын құрастыру, студенттермен элективті пәндерді таңдауды ұйымдастырудан тұратын «ҚазҰМУ оқытудың үш тілді бағдарламасын» жүзеге асырудың маңызды сатысы, соынмен қатар кафедралармен ағылшын тілінде оқытумен білім беру бағдарламаларын тәжірибелік жүзеге асырудың бастамасы табысты іс-жүзіне асырылуда және жалғастырылуда. Мұнда ОӘЖД және оқу департаменттерінің жақсы ойластырылған және ауызбірлікте біріккен жұмыстарына күмән жоқ.

            ҚазҰМУ ағылшын тілді педагогтарды дайындауды жоспарлауға ескертулер бар, оның ішінде нақты айтатын болсақ, оқытылатын топтарда оқытушыларды жинау стратегиясы дұрыс ойластырылмаған. Қазіргі уақытта университет есебінен оқыған шамамен  50% қызметкер оқушылары ағылшын тілді педагогтар ретінде өздерін ағылшын тіліндегі жоғары емес білімдерін  жүзеге асыра алмайды (ағылшын тілінің негіздері, Elementary деңгейін тамамдағандар). Осыдан оқытылатын топтарда  Pre intermediate кем емес деңгейлері бар оқытушыларды жинау қажет болатын, ол алдын ала тестілеуде анықталатын.

Жалпы алғанда, «Оқытудың үш тілді бағдарламасының» жүзеге асырылуын бағалаудың аралық сатысы оқу департаменттерінің бақылауымен жоспарлы және жүйелі түрде іс жүзіне асырылып жатқандығын көрсетті.

           

«ҚазҰМУ оқытудың үш тілді бағдарламасын» жүзеге асырудың қорытынды мақсаты келесі жағдайларда университетті бітіргенде түлектің осы дағдыларды қолдану және кем дегенде үш тілді еркін меңгертуге қабілеті болып табылады:

–         науқастың тілінде науқаспен сауатты сөйлесу;

–         ағылшын тілінде әңгімелесе алу, оның ішінде кәсіби тақырыпта.

–         шет тілінде (ағылшын тілінде) мамандықтарының профилі бойынша шетел әдебиеттерін өзбетінше талдау, оқи алу;

–         баяндамалар, рефераттар, тезистер және т.б. құрастыру;

–         өз Университетімізде және басқа да жоғары оқу орындарында көп тілді студенттік конференцияларға қатысу;

Бағалаудың келесі сатысының міндеттері болып табылады:

  1. ағылшын тілінде оқытумен студенттердің қанағаттануын бағалау (БСБЗжәнеМБРҒТН Орталығы).
  2. Ағылшын тіліндегі элективтердің әдістемелік ілеспелерінің сапасын сараптау (тілдік дайындау Орталығына элективтерді іріктеп, бағалау ұсынылады).
  3. Ағылшын тілді элективтерде студенттерді оқытудың үрдісін құжаттау үшін IELTS, TOEFL сертификаттарын оқытушылардың алу.
  4. Университеттің қолдауымен бағдарлама бойынша оқытудан өткен оқытушыларды бақылау (тілдік дайындау Орталығы).
  5. Шет тілін оқуға университет оқытушыларын ынталандыру.
  6. Оқытушылар мен оқушылардың тілдік құзыреттіліктерін дамыту және жетілдіру бағдарламасын енгізу (тілдік дайындау Орталығы).
  7. Білім беру үрдісіне Еуропадағы (AMEE) және т.б. медициналық білім беру Ассоциациясының  ағылшын тілді вебинарларын енгізу (ара қашықтықтан оқытуды дамытуға жауаптылар).
  8. Ағылшын тілді педагогтарды визитинг-профессорлар ретінде жиі шақыру.

 

05.11.2012ж.

 

 БСБЗжәнеМБРҒТН Орталығының директоры, м.ғ.д.                          Сарсенбаева С.С.