ҚазҰМУ студенттерінің жастар қозғалысы G-global халықаралық жобасы мен «G-global – Expo 2017» болашақ энергия үшін қоғамдық қозғалысын және ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын қолдау мақсатында арнайы студенттік флеш-моб өткізді

04.03.2015

 2015 жылдың 28 ақпаны күні С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің қолдауымен университеттің №1 жатақханасының спорттық алаңында

G-global халықаралық жобасы мен «G-global – Expo 2017» болашақ энергия үшін қоғамдық қозғалысын және ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын қолдау мақсатында арнайы студенттік флеш-моб өтті.

 Ұйымдастырушылар: студент-волонтерлер және университеттің студенттік ұйымдары.

Іс-шараға 100-ден астам студент қатысты.

Университетіміздің №1 жатақханасының спорттық алаңында жиналған студенттер G-global халықаралық жобасы мен «G-global – Expo 2017» болашақ энергия үшін қоғамдық қозғалысын және ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын қолдау мақсатында ұранмен ұжымдасып би билеп, өз өнерлерін көрсетті.

Өткізілген іс-шараға университетіміздің жатақханаларында тұратын студенттер де қатысты.

Іс-шара көтеріңкі көңіл-күйде өтті.

Осылайша, ҚазҰМУ студенттерінің жастар қозғалысы G-global халықаралық жобасына қолдау білдіріп,белсенді позицияларын көрсетті.