ҚазҰМУ жатақханасы территориясында өткен эстафета




30.04.2015

ҚазҰМУ жатақханасы территориясында өткен эстафета

2015 жылдың 29 сәуірі күні университетіміздің №1 және №2 жатақханасының аумағында орналасқан спорттық алаңда  «Қазақстан халқының бірлігі күніне» арналған жатақханада тұратын студенттер арасында спорттық эстафета болып өтті. Эстафетада университетімізде оқитын түрлі ұлт өкілдері қатысты.

Аталмыш эстафета Студенттердің әлеуметтік мәдени-құзыретін дамыту департаменті мен «Дене тәрбиесі және денсаулық» кафедрасымен бірлесе ұйымдастыруымен өтті. Іс шараға жатақханалардың Студенттік кеңесі мен студенттер қатысып, эстафетаны жоғары деңгейде өтуіне белсенділік танытты.