Қазақ хандығына 550ж




08.02.2016

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай қазақ тілі кафедрасы,  Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментіні ұйымдастыруымен және Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының халық әндері кафедрасының қатысуымен өтетін Бес ғасыр жырлайды» атты әдеби-музыкалық кештің Қазақ хандығының 550 жылдығына орай қазақ тілі кафедрасы,  Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментіні ұйымдастыруымен және Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының халық әндері кафедрасының қатысуымен өткен«Бес ғасыр жырлайды» атты әдеби-музыкалық кештің

Есебі

30.09.2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Қазақ тілі кафедрасы,Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаменті және Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының Халық әні кафедрасының ұйымдастыруыменуниверситетіміздің «Concordia»театрында «Бес ғасыр жырлайды» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Кештің мақсаты – қазақтың тарихына шолу жасау, сол тарихи кезеңдерде өмір сүрген қоғам қайраткерлерінің халқына еткен қызметтеріне тоқталу. Әрбір тарихи кезеңде шыққан ән-күйлерді насихаттау арқылы жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рухты қалыптастыру, олардың ұлттық өнерге деген сүйіспеншіліктерін ояту.

Кеш тізігінін қолына алған Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының оқытушысыҚазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Еркін Шүкіманов  әр ғасырдағы тарихи оқиғаларға, сол оқиғалардың музыка тілінде сипатталуынақысқаша тоқтала келіп, ән мен күйге кезек беріп отырды. Кеште Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы халық әні кафедрасының оқытушылары ҚР білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткеріӘбуғазы Мұрат пен белгілі әнші-күйшілерҚұрманғалиев Тілеулес, Қарсақбаева Әйгерім және осы оқу орнының магистранттары мен студенттері асқақтата ән салып, күмбірлетіп күй тартты.

Кеш соңында С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің Оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Қ.А.Төлебаев осындай тамаша кеш сыйлаған Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы халық әні кафедрасының ұжымына алғысын білдірді.

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің оқытушылары мен студенттері тағылымы мол бұл әдеби-музыкалық кешке дән риза болды. Кеш өз мақсатына жетті деп толық сеніммен айта аламыз.

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ,

қазақ тілі кафедрасының доценті Т.Қ.Зайсанбаев.