Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Еңіреп туған елім деп…»




01.03.2016

        26.02.2016  ж. С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ мұражайында  «Еңіреп туған елім деп…» атты  қазақ қоғам қайраткері, ғалым- лингвист, әдебиеттанушы, түрік тілінің зерттеушісі, аудармашы, ұстаз Ахмет Байтұрсынұлының  және қазақ Кеңес дәуірінің жазушысы, публицист, ұстаз, жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушысының бірі  Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы  әдеби- музыкалық іс- шара өтті. Баршаға белгілі: «Мағжан Жұмабаев қазақ халқы үшін ағылшындарға Шекспир, орыстар үшін Пушкиндей мағынасы зор  тұлға».

         Аталмыш іс- шараның модераторы университет  Этикалық кеңесінің төрайымы проф.Ж.Ғ.Мұстафина іс- шараға қатысушылары  қазақ  бөлімшесінің  ЖМ факультеті 1 курс  15-013-1, 15-013-2 топ  және ағылшын тілде оқитын  шетел студенттері  үшін кітапхана ұйымдастырған Ахмет Байтұрсынұлы мен Мағжан Жұмабаев туралы  қызықты әңгімелеп берді.  Бұл шараның ұйымдастырушылары орыс тілі кафедрасының аға оқыт.З.Қ.Көкенова, кафедра меңгерушісі доц. А.Т.Бақтыбаева және қатысушы топтың тьюторы, аға оқыт.Т.Қ.Бердалиева студенттермен бірге өзгеше сценарий әзірледі. Аталмыш әдеби -музыкалық іс- шараның ерекшелігі  осындай екі атақты тұлға жайлы біріккен шара болмаған деп ойлаймыз, сондықтан сценарийді әзірлеуде шығармашылық ізденісте, патриоттық сезіммен, «Еңіреп туған елім деп…» деген атауына лайықты болуына барлық ынтамызбен  атсалыстық.
Іс-шара дәстүрлі кітап көрмесімен танысудан басталды. Қызықты, мазмұнды кітап көрмесін университеттің  кітапхана қызметкерлері дайындап, ұсынды. Модератор проф. Ж.Ғ.Мұстафина студенттерге орыс тілінде, кітапхана қызметкерлері қазақ тілінде, ал орыс тілі кафедрасының меңгерушісі  доц.А.Т.Бақтыбаева ағылшын тілінде әңгімелеп берді.

         Студенттермен әзірленген әдеби- музыкалық композицияда екі тұлғаның шығармашылығы, жазған өлеңдері, әндері орындалды; И.А.Крыловтың мысалдарын аударған Ахмет Байтұрсынұлының «Жарлы бай» мысалынан сахналық қойылымды қатысушы студенттер екі тілде сомдап берді.

Зал  лайықты рәсімделген: іс -шараның атауы, сол тұлғалар жайлы қанатты сөздер, портреттері мен суреттері слайд ретінде көрсетілді.

Кештің қонағы қазақ тілі кафедрасының доценті  Т.Қ.Зайсанбаев  Ахмет Байтұрсынұлының  «Қарғаш», «Аққұм» деген әндерін  домбырамен сүйемелдеп  орындады.

Іс-шараның соңында барлық студенттер Мағжан Жұмабаевтың  «Сен сұлу» әнін орындады.

         29.02.2016  ж. ЖМ факультетінің 15-013-1 и 15-013-2  студенттерін орыс тілі кафедрасының аға оқыт.З.Қ. Кокенова  Ахмет Байтұрсынұлының  мұражайына экскурсияға алып барды. Оларды сол мұрайжайдың директоры фил.ғыл. кандидаты  Райхан Имаханбет  күтіп алып, өзі қызықты әңгімелеп, мұражайдың барлық экспонаттары жайлы  сипаттап берді. Студенттер қызығушылықпен  сұрақтар жаудырды, Ахметтанушы маман толық жауап беріп, студенттердің  ой- пікірлерін  сұрастырды.  Әліпбидің негізін салушы «Жаңа Емле»  туралы еңбегі, отбасы, ұстаздығы, өміріндегі қиын кезеңдері жайлы баяндап берді.

          Студенттер айтарлықтай әсер алды, оқуына, болашақ мамандықтарына үлкен ынтасымен қарайтындығы сөзсіз.