ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ-ОРЫС ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ




25.04.2013

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

2013 жыл, 6 мамыр

         Қазақ-Орыс Халықаралық университеті «Қазіргі ғылымның өзекті мәселелеріне жастар көзқарасы» атты жас ғалымдардың республикалық ғылыми конференциясын өткізеді. Конференцияға жас ғалымдар: магистрлер, магистранттар студенттер, докторанттар және ғылыми қызметкерлер шақырылады.

 

Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

 

Конференция келесі бағыттар бойынша жұмыс жасауды жоспарлайды:

1. Жоғарғы білім жүйесіндегі мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселелері.

2. Білім беру әдістемелерін жаңғырту және қазіргі педагогтарды кәсіби даярлау. Қашықтықтан оқыту мәселелері.

3. Білім беру процесінің, оқыту әдістемелерінің сапасын қамтамасыз ету мәселелері.

4. Білім беру процесіндегі ақпараттық технологиялардың өзекті мәселелері.

5. Қазіргі психологиялық білім беру мәселелері.

6. Тіл білімі және әдебиеттану мәселелері концептуалдық аспектіде.

7. Бәсекегеқабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру және дамытудың спорттық-сауықтыру аспектілері.

8. Құқықтық саясат: Қазақстандық және халықаралық тәжірибе.

9. Экономика ғылымы мен тәжірибесінің өзекті мәселелері.

10.Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және экология, еңбек қорғаудың теориялық және практикалық аспектілері.

Конференцияға қатысу үшін мақалалар 2013 жылдың 25 сәуірінен дейін «sauleַ[email protected], [email protected].» электрондық мекенжайы бойынша қабылданады.

Конференцияның ашылуы Ақтөбе қаласы, Әйтеке би көшесі 52, 6 мамырда сағ.10.30-да 307 аудиторияда өтеді.

 

Мақаланы рәсімдеу тәртібі

 

Мақала 7-8 бет көлемінде            Word   редакторында жазылуы тиіс. Times New Roman, 14 кегльде, біркелкі интервалымен, сол жақтан – 3 см, оң жағы, төмен және жоғарыдан 2 см жолмен жазылады, әдебиеттерге сілтеме тік жақшамен көрсетіледі. Мысалы: [1], [2] және т.б. Сілтемеде бір немесе бірнеше рет дереккөзі  қайталанса, бет нөмері мен мақалада бірінші көрсетілгені сақталады.

Мақала басының ортасында мақала аты майлы әріппен, содан кейін бір интервал төмен аты-жөні, тегі, мақала авторы (авторлар), одан төмен мекеме атауы, қала, елді-мекен аты көрсетілуі тиіс. Бір интервалдан кейін мақала мәтіні, одан бір интервал төмен пайдаланылған дереккөз тізімі беріледі.

Мәтін аяғына, келесі бетке, автор (авторлар) туралы мәлімет беріледі, оған төмендегідей мәлемет кіреді: Автордың аты-жөні, тегі,  мекеме атауы (бөлім), атқаратын қызметі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, үй мекенжайы, байланысу көздері: телефоны, мекенжайы, электронды жәшік, факс.

Отбасылық – тұрмыстық зорлық аясындағы ҚР Заңдамасын жетілдірудің кейбір мәселелері.

 Жұмабаева Әлия Аманбайқызы, заң ғылымдарының магистрі, Қазақ-ОРыс Халықаралық университеті, Ақтөбе қаласы.

Мақала мәтіні

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Официальная статистика  «О результатах деятельности подразделений общественной безопасности ДВД Актюбинской области по защите женщин от насилия за 2011 год.

2.  Алауханов Е.О., Каирова Н.И. Преступное насилие в отношении женщин. Алматы. Заң әдебиеті, 2008-230 с.

3. Тугельбаева Б.Г. Проблемы предупреждения преступного насилия в отношении женщин: монография. – Бишкек, 2003. – 376 с.

4.  Кемали М. Защита женщин от насилия. – Алматы, 2005-С18

 

Конференция қорытындысы бойынша конференция материалдар жинағы жарық көреді.

Конференцияға қатысу талабы

1. Талапқа сай келмейтін, сонымен қатар көрсетілген уақыттан кеш жіберілген мақалалар қабылданбайды (мерзімі өзгеруі мүмкін).

2. Конференцияға қатысу үшін 2000 теңге көлеміндегі ұйымдастыру жарнасы төленуі тиіс. (Ұйымдастыру және баспа шығындары үшін). «Республикалық конференцияға» деген белгімен төменде көрсетілген реквизиттерге төлемақы жасауға болады.  Сканирленген және түбіртек көшірмесін ұйымдастыру комитетіне әкелуі қажет. Туындаған сұрақтар бойынша төмендегі мекенжайға хабарласуға болады:  «                                               »электрондық мекенжайына немесе ұйымдастыру комитетіне мына телефондарға:           8 (7132) 22-15-16, 8775 763 08 90; 87013106564, ғылым бөлімі.

 

Төлемақы үшін реквизиттер:

 

«Қазақ-Орыс Халықаралық университеті» ЖШС

 

ТОО МВУЗ «Казахско-Русский Международный университет»

РНН   061800088392

Р/С     KZ3478004G0102489003  АО «ТЕМИРБАНК» г. Актобе

БИК   JSRBKZKА KБЕ 17

БИН   980640003395

 

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: 030006, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы, Әйтеке би көшесі – 52, «Қазақ-Орыс Халықаралық университеті» , 201-ші кабинет, Ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор,

е-mail: [email protected], [email protected].