Қазақстан Республикасының Тұнғыш президенті күніне орай «Мен жастарға сенемін» атты  іс-шара




04.12.2017

 2017 жылдың 29 қарашасында сағат 15:00нен бастап  ҚР Ұлттық кітапханасында ҚР  Тұңғыш президент күніне орай «Мен жастарға сенемін» атты музыкалық концерт ұйымдастырылды.

Аталмыш шара жыл сайын өтетін дәстүрге айналды. Жоспарға сәйкес  қалалық деңгейде өткен ауқымды іс-шараға С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ орыс тілі және латын тілі курсымен кәсіби орыс тілі кафедрасының аға оқытушылары З.Қ.Көкенова, Л.С.Бекпентаева, Қ.А.Байбурина атсалысып, ҚР Ұлттық кітапханасының әкімшілігімен, Алматы қаласының Әкім аппараты «Қоғамдық келісім» ҚММ бірлесіп өткізді.

Бұл іс-шараға университеттің стоматология факультетінің 17-07-01, 17-07-02 топтарының, ЖМ 17-04-1, ЖМ-17-04-2 тотптарының, ҚДС факультетінің мейіргер ісі мамандығы бойынша 17-001 топ және т.б. шақыртылған студенттер, Алматы қ. ЖОО  мен колледждер студенттері, Қарасай ауданындағы мектебінің жоғары сынып оқушылары, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері, «Ынтымақ» бірлестік клубының қатысушылары, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 1 курс студенттері (60 студент) және университеттің орыс тілі және латын тілі курсымен кәсіби орыс тілі кафедрасының оқытушылары, Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаменттерінің қызметкерлері, «Арыстан» ҚР ҰҚК үйренушілері, қоғам қайраткерлері, қаланың өнер жұртшылығының өкілдері қатысты.

Елімізде бесінші жыл қатарынан Тұнғыш президент күні аталып өтуде. Барша қазақстандықтар үшін 1 желтоқсан мерекелік күн болып саналады. Бұл мейрамның аталуының негізі және алғышарты болып 1991 жылы 1 желтоқсан күні болған президент сайлауы болды. Алғашқы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алғашқы президенті атанған еді. Жыл сайын осы мерекеге арнайы іс-шаралар, жиындар мен концерттер өткізіледі, Ұлттық кітапхана әкімшілігімен бірге университеттің  орыс тілі және латын тілі курсымен кәсіби орыс тілі кафедрасының оқытушылары белсенді қатысып тұрады.

Салтанатты іс-шара ҚР әнұраны орындалуымен басталды.
Алматы қаласының Әкім аппараты «Қоғамдық келісім» ҚММ  директоры Ж.Ш.Мұрынова, Алматы қ. бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Қ.В.Мамсуров, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры және т.б. арнайы шақырылған қонақтар сөз сөйлеп, ҚР Ұлттық кітапханасының алғашқы  директоры Назира Дәулетованың атындағы көрме залында ҚР Тұнғыш президентіне арналған кітап көрмесімен таныстыру  шарасы өтті. Кітапхана қызметкері Жанар Әбдикеева көрмеге келген қонақтарға қызықы экскурсия жүргізді, Елбасы қызметіне қатысты жаңадан табылған материалдар мен фотосуреттерімен жан-жақты таныстырды. Салтанатты шараның екінші бөлігінде қатысушыларға ҚР Тұнғыш президенті күніне әзірленген фильмді ұсынды. Келесіде ұсынылған концертке Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студеннтері, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 1 курс студенттері, «Ынтымақ» бірлестік клубының қатысушылары және т.б. еліміз, Отан туралы патриоттық  әндерімен және күйлерімен  өнерлерін паш етті.

Университеттің атынан ЖМ 1 курс 17-013-1топ студенті Нұрдәулет Есеналиев «Жаса, Қазақстан!», ЖМ-16-020-1 Сұлтан Жолдыбаев «Алға, Қазақстан!», ЖМ 16-02-1 Дәулетбаев Қуаныш «Рахмет, саған туған ел!» деген әндерімен, фармация факультетінің студенті Әбдели Ақерке скрипкада «Вивальди…» әуендерін шебер орындап, көрермендердің көңілінен шықты.

ҚР Тұнғыш президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар.Рухани жаңғыру» еңбегінде атап өткендей: «Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек. Мен жастарға сенемін!», деген өсиет сөздері жүзеге асыру барысында деп сенімді айтуға болады.