Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.




12.12.2017

08.12.2017 ж. латын тілі курсында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.  Іс-шараға Педиатрия факультетінің 1 курс студенттері қатысты.

Іс-шара Эдвард де Бононың «Ойлаудың алты шляпасы» атты танымал қағидасының әдісі бойынша өтті.Студенттер 6 топқа бөлінді, олардың әрқайсысы Қазақстан туралы әртүрлі ақпараттар  берді:

1.Тәуелсіз Қазақстанның Білім беру жүйесі туралы.

  1. Еліміздің дамуындағы маңызды күндер.
  2. Қазақстан Тәуелсіздігін алған кездегі оң және теріс ұғымдар және т.б.

Қорытындылай келе, студенттерге өз елінің  тарихы мен мәдениетін білу үшін тапсырмалар берілді.