«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне» орай өткен жиын.




03.12.2013

 

2013 жылғы 29 қараша күні ҚазҰМУ Этикалық кеңесі мен Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаменті бірлесе ұйымдастыруымен және ҚазҰМУ-дың студенттері мен оқытушыларының қатысуымен  университетіміздің № 7 оқу корпусының №6 аудиториясында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне» орай салтанатты жиын өтті. Жиын қонағы болып Алматы қ.техникалық реттеу және метрология департаментінің бас маманыА.Ш. Сархиуллина  қатысты.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны шырқалған сәттен бастап жиынға қатысушылар өз сезімдерін жасыра алмады. Ерекше жинақы. Жастардың көкейінде биікке деген  ұмтылыс. Алып мақсаттар. Сол мақсаттың орындалуына кепілдік – еліміздің сенімді болашағы.

Бағдарлама бойынша студенттерг ҚР Президенті туралы                          бейне-ролик көрсетілді. Жиында коммуникативтік дағдылар кафедрасының меңгерушісі М.А. Асимов, терапиялық стоматология кафедрасының профессоры И.Ә. Құлманбет мазмұнды  сөз сөйледі.

Студенттер қатарынан «Жалпы медицина» факультетінің 4 курс студенті Бораш Дина (Президент степендиясының иегері)және «Жалпы медицина» факультетінің 1 курс студенті Құлназарова Бағжан «ҚР мемлекеттік рәміздері» туралы баяндамаларымен шықты. Сөз сөйлеген студенттер ҚР Президентін мақтан тұтып, болашақтарына сеніммен қарайтындарын білдірді. Жастар өздерінің басты мақсаттары адал еңбек ету, жақсы білім алу екендігін  басып айтты. Патриоттық ұрандағы іс-шарада Қазақстанның тарихына көз жүгіртіп, тәуелсіз еліміздің жетістіктері кеңінен талқыланды. Іс-шара соңы қатысушылардың естелікке суретке түсулерімен тамамдалды.

 Мы ВКонтатке Facebook Instagram Twitter YouTube