«АЗАТТЫҚТЫ АҢСАҒАН АЙБЫНДЫ АЛАШ» атты әдеби-танымдық кеш




15.02.2016

«АЗАТТЫҚТЫ АҢСАҒАН АЙБЫНДЫ АЛАШ»  атты әдеби-танымдық кеш

Қиянат кетпес тоқтаусыз,

Әділ сөз қалмас құптаусыз.

Күндердің күні болғанда,

Алашым кетпес жоқтаусыз.

Қазақ   тілі  кафедрасы Әлихан Бөкейхановтың 150-жылдық  мерейтойына  арнап, әрі  алаш қайраткерлерін еске алу, олардың ерліктерін студенттерге насихаттау мақсатында 10.02.2016 жылы университет  мұражайында  қазақ тілі кафедрасының  меңгерушісі, доцент  З.А.Абдуллина, доцент Б.Ж.Доскеева, аға  оқытушы  Қ.С. Бурахановалардың ұйымдастыруымен «Азаттықты аңсаған айбынды алаш»  атты әдеби-танымдық кеш өтті.  Кеш  3  тілде  қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілді.

Аталмыш кешті С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУректорының Кеңесшісі, профессор Ж.Ғ.Мұстафина ашты.Қазақ тілі кафедрасының доценті З.А.Абдуллина «Алаш ардақтылары» туралы баяндамасын оқып, көрермендерге «Алаш қайраткерлерінің өмірбаяндары мен еңбектеріне тоқталып,  арнайы презентация  көрсетті. Ал қазақ тілі кафедрасының доценті Б.Ж.Доскеева «Алашорда қозғалысы мүшелерінің отбасы» туралы баяндамасы арқылы көптеген мағлұмат берді. Шетел тілдері  кафедрасының  меңгерушісі, доцент  О.Я.Сулейменова  «Алаш  көсемдері»  туралы  екі тілде сөз  сөйледі.

Кешке арнайы келген қонақтарсәулет  ғылымдарының  кандидаты, профессор, қоғам қайраткері, публицист Төлеубек  Сейтқалиұлы Карамендітегі, латын  тілі, инфарматика т.б.   кафедра оқытушылары қатысып сөз  сөйлеп өз  ризашылықтарын  білдірді.

Қазақ  тілі  кафедрасының  доценті Зайсанбаев Төлеубек Қизатұлы Қапездің «Қоштасу»әнімен көрермендердің құлақ құрышын қандырды.

Жалпы медицина факультетінің 15-026-1 топ студенттері Аққұлов Б., Қаулыбекова Ә., А.Ханның    орындауларында А.Байтұрсыновтың  «Қасқыр мен қозы» мысалы көрермендерді тәнті етті. ЖМ факультетінің 15-030 топ студенті Амангельдина Анель халық  әнін  скрипкада орындады. 15-027 топ студенті Сисенбердиева Айдана Құрманғазының күйі «Балбырауынды» орындап көрермендерді  көзайым  етті.

Кеште М.Жұмабаевтың, Ә.Бөкейхановтың, М.Дулатовтың, А.Байтұрсыновтың өлеңдері оқылды.Мейірбике ісінің  15-002 топ  студенттері  Масимджан Адилям  «Қазағым», Хайруллаева Шахниза «Туған жер», Моменшикова Гузаль  «Қазақ тілі», жалпы медицина факультетінің 15-030 топ студенттеріСабитова Дана«Мен кім?», Аманкелді Аружан «Анама», жалпы медицина факультетінің 003-01 топ студенті Қаменов Мейірлан «Алашқа», екінші топ студенттері Сағатқалиева Сымбат «Моему народу», Тұрсынханов Мейіржан «Луч», Енсепова Дана «Я верю в молодых» атты өлеңдерін оқыды.

Кешті жалпы медицина факультетінің бірінші топ студенттері Сақан Ерхан мен Әкімхан Мөлдір жүргізді.

Сонымен қатар кешті ұйымдастыруға ат салысқандаруниверситетіміздің кітапхана қызметкерлері «Алаш ардақтылары» туралы кітап көрмесін ұйымдастырып, кешіміздің куәсі болды. Музей қызметкерлері, шетел  студенттерінің  деканаты, орыс  тілі  шетел  тілдері, қазақ  тілі  кафедралары өз үлестерін қосты.

Кеш соңында белсенділік  танытқан студенттер мақтау қағаздарымен марапатталды.