Қазіргі әлемдегі Терроризм




16.04.2019

09.04.2019 жылы тілдік пәндер кафедрасы секциясында «Қазіргі әлемдегі Терроризм» атты мерекелік іс шара өтті.

Іс-шараға 2  курс 17-010(1,2), 011(1,2), 009(1,2) СТОМ факультетінің студенттері қатысты. Студенттер,  іс-шараны «Терроризм»  туралы бейне фильм көрсетуден бастап, «Жаңа Зеландиядағы террорлық актілер» және «2001 жылғы қыркүйекте АҚШ-тағы террорлық актілер» туралы бейне таспа көрсетті. Сондай-ақ, студенттер терроризмге қарсы іс-қимыл және оған қарсы күрес шаралары туралы презентация жасап, айтып берді.

Содан кейін, студенттер «Қазіргі әлемдегі Терроризм» тақырыбына арналған өлеңдер оқып, викториналарға қатысты. Терроризм туралы түрлі плакаттар ұсынылды.

Іс-шара жоғары әдістемелік деңгейде ұйымдастырылып, тәрбиелік жағынан маңызы зор.

Модераторлар: аға оқытушы Шойбекова А.Ж., оқытушы Тилемисова Ж.Д.