Медицина ғылымының докторы,профессор,терапевтикалық стомотология бөлімінің меңгерушісі Баяхметова А., Венгриядағы Сегед қаласында 26 – 29 тамыз айында жыл сайын өтетін «Коммуникация және стоматологияға өзара байланысы» атты тақырыпта болған Еуропалық Стомотологиялық Білім беру Қауымдастығының 41 съезіне қатысты.Конференцияда қатысушы «КазНМУ Стомотологиясындағы білім беруді жаңғыртудың негізгі бағыттары » және «Стомотология факультетінің студенттерінің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың ерекшеліктері» тақырыптары бойынша сөз сөйледі.