«Белсенді ұзақ өмір сүру» I Халықаралық Форумының есебі




18.06.2013

 

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында адамдар өміріндегі түбегейлі өзгерістер, өмір сүру жағдайының жақсаруы және өмір сүру ұзақтығының 70 жасқа дейін ұзарғандығы атап көрсетілген.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру, осындай нәтижелерге қол жеткізудің жетекші шарттарының бірі болып табылады. Мұнда аурушаңдықты төмендету және тұрғындар денсаулығын әрі қарай нығайту, өмір сүру ұзақтылығын ұзарту және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша мақсаттар – тұрғындар денсаулығын қорғау мәселелері сектораралық және ведомствоаралық ынтымақтастық принциптеріне сай іске асырылады

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті» және БҰҰ ЮНФПА Суб-аймақтың кеңсесі 2013 жылы 3-15 маусымда «Белсенді ұзақ өмір сүру» атты I Халықаралық Форумын өткізді. Форумды «Concordia» театрында «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» Бақылау Кеңесінің төрағасы, «Қазақ тағамтану Академиясы» ЖШС Президенті, Академик, м.ғ.д., профессор Шарманов Төрегелді Шарманұлы – салтанатты түрде ашып берді.

Форум қатысушыларын тіркеуден кейін Театр фойесінде бірқатар Презентациялар өтті:

  • «Белсенді ұзақ өмір сүру» Геронтологиялық Порталы.
  • Әзірленген биологиялық белсенді қоспалар.
  • Диагностика және емдеу клиникалық хаттамаларының жобасы.
  • Геронтология және гериатрия, паллиативтік көмек бойынша мамандарды даярлау және қайта даярлау бағдарламалары.
  • Гериатриялық кабинет.
  • Геронтология және гериатрия бойынша оқу құралы.
  • Қазақстандағы егде жастағы адамдар үшін ақпараттық анықтама.
  • Егде жастағы адамдарға көмек көрсету үшін аймақтарға түсетін медициналық-экономикалық жүктеменің автоматтандырылған сараптамалық бағдарламасы.
  • Белсенді ұзақ өмір сүруге қол жеткізу бойынша нұсқаулықтарымен уақытынан ерте қартаюды анықтаудың компьютерлік бағдарламасы.

3 маусым күні Пленарлық отырыс және Дөңгелек стөлдер өтті.

4 маусым күні Конференция және секциялық отырыстар болып өтті.

5-15 маусым күндері оқыту семинары жұмыс істеді.

Форумның негізгі бағыттары:

  1. Геронтология және гериатрияның медициналық-әлеуметтік аспектілері.
  2. Эксперименталдық геронтология және гериатрияның қазіргі заманғы аспектілері.
  3. Геронтология және гериатрия саласында мамандар даярлау.
  4. Гериатриядағы профилактика, диагностика, емдеу және медициналық реабилитацияның жаңа технологиялары.
  5. Гериатриядағы паллиативтік көмек. Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар әрекеттестігі.

«Белсенді ұзақ өмір сүру» Халықаралық Форумы Қазақстанда қартаю мәселелері саласындағы жыл сайынғы халықаралық оқиға және маңызды диалог алаңы болып табылады. Форум жұмысы барысында денсаулық сақтау мемлекеттік органдарының және түрлі мемлекеттердің ірі халықаралық ұйым жетекшілері, сонымен қатар қартаю мәселелері саласындағы әлемге белгілі және беделді сарапшылар бүкілдүниежүзілік және еуразиялық кеңістікте продуктивті ұзақ өмір сүрудің өзекті мәселелері бойынша өз ойларымен және тәжірибелерімен бөлісті. Форум жұмысына АҚШ, Австрия, Украина, Қырғызстан және өзге де мемлекеттерден қартаю мәселесі саласындағы жетекші сарапшылар қатысты.

Олардың қатарында Әлпейісова Камал Әбілқасымқызы – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының кеңесшісі, Молдакулова Газиза Мухамедиевна – Қазақстандағы ЮНФПА елдік кеңсесінің үйлестірушісі, Олег Серёжин (БҰҰ секретариатының Экономикалық және әлеуметтік мәселелер бойынша Департаменті, Әлеуметтік саясат және даму бөлімі, техникалық ынтымақтастық бөлімшесінің әлеуметтік мәселелер бойынша директоры, Нью-Йорк, АҚШ); Александр Сидоренко (Әлеуметтік зерттеулер және саясат бойынша Еуропалық орталықтың аға Кеңесшісі, Вена, Австрия); Виктория Луняк (Buck Institute зертханасының меңгерушісі, Новато, Калифорния, АҚШ); Владислав Безруков (Украина ҰМҒА Д.Ф.Чеботарёв атындағы Геронтология Институтының директоры, Киев,); Вера Чайковская (Украинаның бас гериатры, Киев), Дзвенислава Чайкивська (Еуропалық сарапшы, Украина «Критасы» медициналық бағдарламалар директоры) және басқалар баяндама жасады.

Сонымен қатар Форум жұмысына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері қатысып, сөз сөйледі.

Айта кететін жәйт, тұңғыш рет Халықаралық Форум шеңберінде «Қазақстан 2050» Стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде белсенді ұзақ өмір сүрудің әлеуметтік, медициналық және психологиялық аспектілері» және «Жасқа тәуелді аурулар: диагностика және емдеу» атты дөңгелек стөлдер өтті.

Сонымен Пленарлық отырыс барысында 7 баяндама, ал 2 Дөңгелек стөл шеңберінде 12 баяндама жасалып, күн тәртібіндегі сұрақтар қызу талқыға түсті.

Форумның екінші күні, яғни 4 маусымда (Даңқ Залы) «Белсенді ұзақ өмір сүрудің медициналық-әлеуметтік аспектілері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы барысында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина универститеті орындар жатқан «Қазақстанда егде жастағы тұлғалардың белсенді ұзақ өмір сүруін қамтамасыз етудегі қартаюға қарсы модельді (бағдарламаны) әзірлеу» (2011-2013 жж.) ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша эпидемиологиялық, клиникалық және эксперименталдық зерттеулердің нәтижелері баяндалды (15 баяндама). Екі күннің жұмыс қорытындысы бойынша Резллюция қабылданды.

Мұнан өзге, 5 маусымнан бастап облыстардың, Астана және Алматы қалалары Денасулық сақтау Басқармаларының штаттан тыс геронтологтары мен гериатрлары үшін «Әлеуметтік геронтология және гериатрия» оқыту семинары өткізіліп, қатысушыларға 108 сағат көлемінде біліктілігін арттыру туралы куәліктер берілді. Оқыту семинарына Қазақстаннның 7 аймағынан (Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Талдықорған қалаларының) емхана бас дәрігерлері, учаскелік дәрігерлер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, Сорос Қазақстан, Алматы қаласы Ардагерлер үйінің қызметкерлері қатысты.

Семинарда, Александр Сидоренко, Владислав Безруков, Вера Чайковская, Дзвенислава Чайкивська, Сорос Қазақстан, «Кредо» ұйымдарының өкілдері дәріс оқыды.

Форум жұмысын Евразия бірінші Каналы, Қазақстан, 31 канал, 24 kz, Алматы секілді республикалық телерадиокомпаниялар, сонымен қатар zakon.kz, nur.kz, Страна и мир, Новое поколение, Литер, Казинформ және де өзге электрондық және басылымдық бұқаралық ақпарат құралдары көпшілік назарына ұсынды.

 

Х.Досмұхамедов атындағы

Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің

Ғылыми жобалар жөніндегі жетекшісі, м.ғ.к.                                    С.Қалмаханов