Білікті медицина қызметкерлері




20.09.2011

Жанұялық дәрігерлер

Сенім – емдеудегі маңызды фактор, және бұл әсіресе адамдардың білікті маманға сенім арту ықыласында көрінеді. Біз осындай мүмкіндік береміз, өйткені «Interteach»-тегі жәрдем көрсету жүйесі жанұялық медицина принципі бойынша құрылған, яғни Сіз және Сіздің жанұяңызға белгіленген жеке жанұялық дәрігер өз бетінше диагноз анықтайды және емдеуді жүргізеді.

Біздің Жанұялық дәрігер – бұл арнайы көп профильді дайындықтан өткен маман, ол емделушінің алғашқы көріну сәтінен бастап толықтай жазылуына дейін үнемі емдеу процесінің мониторингін жүргізіп отырады. Емделуші үшін медициналық жәрдем қабылдау процесін барынша жеңілдету мақсатында жанұялық дәрігер медициналық қызметтердің жұмысын ұйымдастыруды, бақылауды және үйлестіруді қамтамасыз етеді.

Жанұялық дәрігердің медициналық жәрдемі мыналарды қамтиды: үйде медициналық жәрдем көрсету мен диагностика жасау, стационардағы емделушілер патронажы, телефон арқылы медициналық кеңестер беру, медициналық көрсетімдер бойынша бағыт көрсету, амбулаторлық карта жүргізу, еңбекке жарамсыздық қағаздарын беру мен жабу және тағы басқалар.

Біздің қызмет көрсетулеріміз арқылы Сіз бүкіл жанұяңызбен Сіздің жеке жанұялық дәрігеріңізде қаралу мүмкіндігін және барлық қызмет көрсетулер кешенін жоғарғы ыңғайлылық деңгейінде аласыз.

Жеке профиль мамандары

«Interteach» медициналық орталықтарында кардиология, гинекология, невропатология, офтальмология, урология, травматология сияқты әр түрлі салаларда мол жұмыс тәжірибесі бар мамандар қабылдау жүргізеді. Біздің дәрігерлердің көпшілігі ғылыми дәрежелерге ие және міндетті түрде біліктілігін жоғарылатудан өтеді. Бұл біздің клиенттерімізді білікті медициналық жәрдеммен қамтамасыз етуге және сақтанушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау

ҚР ДСМ Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитеті төрайымының орынбасары Жұмағали Қазыбайұлы Исмаилов атап өткендей, емделушінің қауіпсіздігін және құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында, Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық жоспарын іске асыру шеңберінде денсаулық сақтауды басқарудың өңірлік органдарының жанынан емделушілердің құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық комитеттер құрылуда.
Комитеттердің жұмысы азаматтық қоғам институттарының, өңірлер биліктерінің атқарушылық және заңнамалық салаларының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің өзара мүдделілігіне негізделеді.
Азаматтардың денсаулық сақтау құқығын қорғау жөніндегі өтініштерімен жұмысты жетілдіру, емделуші мен медициналық ұйым арасында туындаған шиеленіскен жағдайларды сотқа дейінгі реттеу, денсаулық сақтау ұйымдарындағы жемқорлық пен басқа да құқық бұзушылықтар қоғамдық комитеттердің құзырына жатады.
Медициналық ұйымдардың ішкі аудит қызметін тарта отырып, «осында және қазір» қағидасымен халыққа медициналық көмек көрсету қоғамдық комитеттердің қызметінде әрі қарай көрініс табатын болады.
Денсаулық сақтау министрлігінің 2009–2010 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сәйкес, сондай-ақ Елбасының 2008 жылғы 7 қарашада Шымкент қаласында берген тапсырмасын іске асыру мақсатында ағымдағы жылы әлемдегі экономикалық дамыған елдерінде өзін оңынан көрсетілген медициналық қызметтердің сапасын басқарудың қазіргі заманғы технологияларын енгізу басталды.
Республиканың медициналық ұйымдарында 2009 жылғы қаңтар айында қол қойылған Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес ішкі аудит қызметі құрылды. Бұл қызметтің жұмысы уақтылы және сапалы медициналық қызмет көрсетуді және емделушілердің құықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің бастамасы бойынша барлық өңірлерде «Нұр-Отан» партиясымен бірлесіп, медициналық ұйымдардың базасында емделіп жүрген азаматтарды қабылдау жүзеге асырылуда. Медициналық көмектің сапасыздығына байланысты 649 шағымның жартысынан көбі сол жерде шешілді. Азаматтардың 20% уақтылы және сапалы медициналық көмекке алғыстарын білдіретіндігін де айта кеткен жөн.
Медициналық қызметтің сапасын басқарудың қазіргі заманғы тетіктерінің бірі медициналық қызметті жеткізушілерді аккредиттеу болып табылады.
Аккредиттеу рәсіміне денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшылар тартылатын болады.
Қазіргі таңда 200-ден астам аккредиттелген сарапшы мен 6 қауымдастықтан тәуелсіз сарапшылар туралы мәліметтер қоры құрылды.

Білікті медицина қызметкерлері