Білім беру кеңістігіндегі ынтымақтастық




25.09.2013

2013 жылдың 16 және 18 қыркүйек аралығында Барселона қаласында Халықаралық International University Association «Graduate School of Management in Barcelona» (Spain) Қауымдастығының ұйымдастыруымен халықаралық «HUMAN ФОРУМ» конференциясы өткізілді. Аталған қауымдастықтың құрамына әр мемлекеттен 92 жетекші жоғары оқу орны кіреді. ҚазҰМУ 2012 жылдан бастап осы қауымдастықтың мүшесі болып табылады. Конференция Барселона қаласы Парламентінің мәжіліс залында өткізілді. Айтулы шараға ҚазҰМУ ректоры А.Ақанов, академиялық жұмыстар жөніндегі департамент директоры М.А.Абирова және университеттік ішкі аурулар клиникасының менеджері М.Темірханаова қатысты. Конференция аясында университетіміздің ректоры Айқан Ақанұлы Халықаралық қауымдастықтың Президенті болып тағайындалды.

 

Барселонаға барған сапарында ҚазҰМУ ректоры А.Ақанов және GSMB ректоры Т.Компаниец қос дипломдық білім беру бағдарламасы бойынша Барселона Жоғары Менеджмент мектебінде (Graduate School of Management Barcelona) білім алып жатқан магистранттарымыз кездесті.

 

Академиялық жұмыстар жөніндегі департаменті

1