Биомедицина және денсаулық туралы ғылым бойынша PhD-докторантура бағдарламаларын ұйымдастыру




14.04.2014

14-15 сәуір 2014 ж. 9.00 – 17.30 С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ УДИ Х.С.Насыбуллина атындағы педагогикалық шеберлік мектебі дипломнан кейінгі білім беру проректорымен бірлесіп визитинг – профессор Здравко Лаковичтың «биомедицина және денсаулық туралы ғылым бойынша PhD-докторантура бағдарламаларын ұйымдастыруға» арналған ORPHEUS* Workshop өткізеді.

Өткізу орны:  С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Тәжірибелік дағдылар орталығы.

Профессор Здравко Ласкович (prof. Zdravko Lacković, MD, PhD) ORPHEUS (Organisation of PhD Programmes in Biomedicine and Health Sciences) президенті және негізін қалаушы болып табылады. Еуропа медициналық мектептерінің ассоциациясының (AMSE)  мүшесі, Хорватия, Загреб университетінің медицина мектебінің биомедицина және денсаулық туралы ғылым бойынша PhD-докторантура бағдарламаларының директоры (ТОР 500+ в QS WUR).

«Биомедицина және денсаулық туралы ғылым бойынша PhD-докторантура бағдарламаларын ұйымдастыру» семинарына С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың 36 докторанты және 52 оқытушысы қатысады.

Семинардың мақсаты: Биомедицина және денсаулық туралы ғылым бойынша PhD-докторантура бағдарламаларын өңдеу және бағалау аясында сарапшылар мен PhD-докторантура бағдарламаларының жетекшілерін даярлау.

Семинар бағдарламасы мыналарды қамтиды. «Биомедицина және денсаулық туралы ғылым бойынша PhD-докторантура бағдарламаларын ұйымдастыру бойынша жетекшілік» (Загреб, 2005ж.); ORPHEUS Консенсус «медициналық ғылымдардың және биомедицина аясындағы PhD докторантура сапаларының көрсеткіштері» (Измир, 2011 ж.); докторантурада инновациялық оқыту негізінде үздік тәжірибелердің қағидаттары және PhD оқыту сапасымен қамтамасыз ету ORPHEUS құжаттарының маңыздылығы, PhD бағдарламаларының сапасын бақылайтын тәжірибелік құрал ретіндегі Еуропадағы медициналық ғылымдардың және биомедициналық  PhD білім беру бойынша ORPHEUS/AMSE/WFME стандарттары, PhD бағдарламаларын өзіндік бағалау,  PhD бағдарламаларын халықаралық бағалау және оларды ORPHEUS стандарттарына сәйкестендіру; PhD білім беру бағдарламаларын бағалауда білім алушылардың рөлі; PhD бағдарламасының қабылдау талаптары және саясаты; денсаулық туралы ғылымдар және биомедицина аясындағы докторлық бағдарламалардың мазмұны мен сапасы бойынша сұрақтарды және Қазақстан тәжірибесін талқылау.

Семинар барысында аз топтармен жұмыс жасау және профессор Здравко Ласковичтың Университет докторанттарымен кездесуі жоспарланып отыр.

Семинар қорытындылары бойынша жоспарланып отыр:

–       медицина бойынша ҚазҰМУ – да өңделген PhD докторантура бағдарламаларын бағалау және оларды ORPHEUS нұсқаулықтарына сәйкестендіру;

–       PhD білім беру бойынша үздік халықаралық тәжірибелерді ҚазҰМУ – ға енгізу;

–       Медицина және денсаулық сақтау бойынша PhD бағдарламаларын мамандандырылған аккредитацияға даярлау;

–       Х.С.Насыбуллина атындағы педагогикалық шеберлік мектебінің жоспарына PhD  бағдарламаларының жетекшілерін даярлау бойынша оқыту бағдарламаларын қосу;

–       ҚазҰМУ – дың ORPHEUS – қа институционалды серіктес ретінде кіруі;

–       ORPHEUS іс – шараларына ҚазҰМУ – дың қатысуын жоспарлау.

 

*ORPHEUS 2004 жылы сәуір айында Загреб қаласында биомедицина және денсаулық сақтау саласында докторлық бағдарламалардың үйлестіруі бойынша Еуропалық конференциясында құрылды және 16 Еуропалық елдерден 25 университеттің делегациясын қабылдады.

ORPHEUS қызметінің мақсаты денсаулық сақтау және биомедицина саласында PhD докторантура бағдарламаларын үйлестіру, медицина мен қоғамда еңбектерін жоғарылатуда ORPHEUS мүшелерін қолдау және ақпараттық көмек көрсету, Еуропаның барлық аймақтары бойынша докторанттар мен оқытушылардың ұтқырлығын көтермелеу, бірлескен PhD бағдарламаларын өңдеу және зерттеу саласында серіктес болуға ықпал жасау болып табылады.

2004 ж. бері 8 ORPHEUS конференциясы өткізілді, оның әрбірі  PhD білім беру тақырыбына арналды, ал қорытындысы болып қабылданған мына құжаттар болды: «денсаулық сақтау және медицина саласында докторлық бағдарламаларды үйлестіру бойынша  Декларациясы» (Загреб, 2004ж.), «Медициналық ғылымдар мен биомедицинадағы PhD бағдарламаларды ұйымдастыру бойынша жетекшілік» (Загреб, 2005ж.), «Клиникалық зерттеу аясында PhD мамандарын даярлау бойынша Консенсус негізінде Хельсинкидегі кеңестің нұсқаулықтары» (Хельсинки, 2007ж.), «Денсаулық сақтау және биомедицинадағы PhD білім беру стандарттарына жету жолында» (Орхус, 2009ж.), «Ғаламтордағы серіктестік бойынша PhD білім беру саласында Еуропалық денсаулық сақтау мен биомедицинаның ережесін жақсарту» (Вена, 2010 ж.), ORPHEUS Консенсус «Медициналық ғылымдар мен биомедицина саласында PhD докторантура сапасының көрсеткіштері» (Измир, 2011 ж.), «Еуропадағы медициналық ғылымдар мен биомедициналық PhD білім беру үшін сандарттар. Еуропадағы медициналық университеттердің ассоциациясының және Бүкіләлемдік медициналық білім беру федерациясының бірлескен басылымы (Берген, 2012 ж.), халықаралық PhD стандарттарына (Прага, 2013 ж.).