«Бір тамшы нәр…» қайырымдылық концерті




04.03.2016

«Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған  – 1000 қайырымды іс» жобасының аясында С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті және G38 ұйымының ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан «Бір тамшы нәр…» атты қайырымдылық кешінің 4-ші концерті 01.03.16 күні  «Concordia» театрында өткізілді.

Кешіміздің басты кейіпкері  «Сколиоздың» ауыр түрі  диагнозы қойылған Мәриям есімді 14 жасар қызымыз болды. Стоматология институтының  студенттері және кештің басты ұйымдастырушылары Мәриямның емделуіне өз көмектерін көрсету мақсатында қаржылай көмектесуді жөн көрді.

Концертімізге көптеген эстрада жұлдыздары  шақырылған болатын. Атап айтқанда: Нұрлан Албан, Тәуекел Мүсілім, «Кемел» тобы, Райым Уайс, Бейбіт Қошқалиев, Меруерт Мүсірәлі.

Кеш қонақтарының қатарында БАҚ және «G38» жастар ұйымы болды.

Концерт жоғары дәрежеде өткізілді.

Мәриямның денсаулығының жақсарып кетуіне тілекшіміз және сенім білдіреміз. Қорыта айтқанда концерттен жиналған қаржы 732 000 теңгені құрады.

«Бір тамшы нәр…» қайырымдылық кеші әрімен қарай өз жалғасын табатынына күмәніміз жоқ. С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің студенттері, болашақ дәрігерлер ретінде барша адамдарға әрдайым қол ұшын беруге дайын.

ҚАЙЫРЫМДЫ БОЛЫҢЫЗДАР!

Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы Әлжекесова Бибігүл

Стоматология факультеті