«Болашақ Мәңгілік ел – Қазақстанда Наурыз» атты студенттік конференция




01.04.2014

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың «Мәңгілік ел» атты жолдауы бойынша  С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттері  конференция өткізді.

С.Ж. Асфендияров атындағы КазНМУ жедел медициналық жәрдем беру кафедрасында профессор окытушылар (каф.мең. профессор Турланов К.М., профессорлар Мусаев А.Т., Абильдаева Г.А.; доценттер Ахметова Г.Ж., Воднев В.П., Зарубекова Н.З., Нуфтиева А.И., Нурмакова М.А.; асс. Асанова К.М.,Аменов А.И., Балканай Г.Б., Елеусиз М.Е., Ердаш Б.Е., Жубатканова Ж.К., Калхожаева Ж.А., Маденов Н.Н.,Сармалаев А.С.,Султанова Д.Н., Турланова А.К., Тилеуов Е.Т.,), 09-003-01, 09-004-01, 09-007-01, 09-006-02 топ  студенттермен бірге «Болашақ Мәңгілік ел, Қазақстанда Наурыз» атты конференциясы КазҰМУ студенттер жатақханасында өткізілді. Каф.меңг. прпофессор Турланов К.М, профессор Мусаев А.Т., доцент Зарубекова Н.З жетекшілігімен студенттер «Мәңгілік ел» (Оразбаева М., Қадірбекқызы А., Умиркулова Г.), «Наурыз» (Баймаханова Ж.) жайлы баяндамалар  дайындады. Төтенше жағдайлар бойынша ЖМ 09-003-01 топ студенттері (Оразбаева М., Жаркынбекова А., Баймаханова Ж., Бейсебаева Б., Қалыш М., Приходченко О.Н, Уалиева С.Т ) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде презентациялар көрсетті. Мейрамға байланысты 09-004-01 және 09-006-02  топтарының ұйымдастыруымен концерттік  бағдарлама (өлең, ән және би) өтті. Тампиев Д, Алиев Д, Баяманова А, Имадиев А, Ерғалиқызы А, өнер көрсетті.