Cаламатты Қазақстан




28.04.2016

26.04.16 жылы Медицина жүйесінің  дамыту жолдарын білу мақсатында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың қазақ тілі кафедрасының оқытушылары А.Т.Рахымбаева, Р.Н.Дәрменқұлова, Қ.С.Бураханованың ұйымдастыруымен «Саламатты Қазақстан» атты тәрбие сағаты болып өтті.

Тәрбие сағаттың мақсаты: «Саламатты Қазақстан» бағдарламасындағы  денсаулық сақтау жүйесінің негізгі мақсаттары мен міндеттерін білу. Студенттерді білімді дәрігер болып шығуына бағыт беру. Болашақтарына жол көрсету. Тәуелсіз еліміздің жастарын патриоттық сезімге, шығармашылыққа, жаңашылдыққа тәрбиелеу.

«Саламатты Қазақстан» атты тәрбиелік сағатқа кафедра оқытушылары мен жалпы медицина факультетінің 15-033-01-02  және 15-034-02- топ  студенттері қатысты.

Студенттер тәрбие сағатында медициналық көмектiң жоғары сапалы және қолжетiмдi болу жолдарымен танысты. Сондай- ақ, бағдарламаның мақсаты, міндеті және денсаулық сақтау жүйесі туралы айтылды. Қазақстан студенттері Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын қолдай отырып, осы бағдарламаға үлес  қосатын білімді маман иесі   болып шығатынына сенім білдіреді.