Дүниежүзілік контрацепция күні




26.09.2018

26 қыркүйек 2018 жылы  АҚ « Ұлттық  медицина университетінің» берген тапсырмасы бойынша : «Халықаралық  контрацепция күніне» арналған халықаралық медициналық факультетке қарасты акушерия және гинекология №2 кафедрасының  қызметкерлерінің ұйымдастыруымен  балалар кардиохирургиясы және перинатология орталығында  ғылыми-практикалық конференция өткізілді . Конференция үш тілде (қазақша , орысша және ағылшынша) жургізілді. Кафедра  меңгерушісі  . м. ғ. д. Исенова С. Ш. қысқаша контрацепцияның шығу тарихына деректер бере отырып конференцияны ашып берді. Тәрбие ісі бойынша жауапты кафедра ассистенті Қабыл, Б. Қ. «Жасөспірімдер арасында кажетсіз жуктіліктен сақтандыру тақырыбында  » презентация жасады. Конференция  ғылыми-ағартушылык  саласында өткізілді, тындармандар тарапынан кафедра қызметкерлеріне өте көптеген  сұрақтар қойылып қызу талқыга тусті. Қатысушылар саны – 74 : дәрігерлер, студенттер жүкті және босанған әйелдер.