«ДЕМЕУ» ҚАЗҰМУ СТУДЕНТТЕР КӘСІПОДАҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ




20.02.2013

Қазақстан Республикасының «Кәсіби одақтар туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы»  заңына сәйкес С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті студенттерінің  «ДЕМЕУ» ҚазҰМУ студенттер кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі, әрі қарай «Бірлестік» деп аталатын Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін, ортақ мақсаттарға жету үшін, азаматтарды ерікті түрде біріктіру нәтижесінде пайда болған ұйым болып табылады. Бірлестік заңдылық өз мүшелерінің тең құқылығы мен ерікті қалауларының өзін-өзі басқару мен өзін-өзі қаржыландыру принциптері негізінде құрылып қызмет етеді.

Бірлестіктің басты мақсаттары:

  • Студенттердің тұрмыстық жағдайын жақсартуға байланысты жұмыстар жасау;
  • Әл-ауқаты төмен студенттерге қайырымдық көмек көрсету;
  • Кәсіпқор еңбекті, мәдениетті, басқа азаматтық және әлеуметтік-экономикалық құқықты және Бірлестіктің басқа мүшелерінің мүдделерін қорғау және оларды іске асыру үшін құрылған;
  • ҚР жастар саясаты саласында қызметті жүзеге асыру;
  • ҚазҰМУ білім және ғылыми жұмыстарының дамуына қатысу, сонымен қатар Қазақстан Республикасында;
  • Бірлестік мүшелері және олардың жанұяларының арасында денсаулық, мәдени іс-шараларды ұйымдастыру, мемлекеттік жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен қарым-қатынас жасау, басқа да бірлестіктермен дене шынықтыру, спорт, емдеу курорттарына, санаторияларға баруды ұйымдастыру.

Бірлестік мүшесі құқылы:

  • Бірлестіктің кез-келген қызметіне қатысып, ат салысуға;
  • Бірлестіктің басқарушы органдарын сайлауға, сайлануға және де оның өзіне Бірлестіктің басқарушы органымен берілген өкілеттер шектерінде танытуға;
  • Бірлестіктің қызметі жөнінде ақпарат алуға, Жарғыда белгіленген тәртіп бойынша Бірлестік қызметін тексеруге қатысуға;

      Бірлестік мүшелерінің міндеттері:

  • Заңдылық ұстанымдарын ұстауға;
  • Мүшелік жарналарды уақытында, Жарғыда белгіленген тәртіп бойынша белгіленген мөлшерде және әдістермен төлеуге;
  • Бірлестікке қатысты өзіне алынған міндеттемелерді орындауға;
  • Бірлестік қызметіне Жарғыда белгіленген тәртіп бойынша көмек көрсетуге;
  • Бірлестікке шығындар келтіретін кез-келген қызметтен бас тартуға;

Бірлестіктің басқару органдарының құрылу тәртібі мен құзіреттері.

Жоғары басқарушы орган-Бірлестік мүшелерінің жалпы жиналысы.

Атқарушы орган- Президент

Алқала орган- Факультет кәсіпбюросы, кәсіптік топ.

16.06.2009ж бастап қазіргі таңда «ДЕМЕУ ҚазҰМУ студенттер кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігінің Президенті, Медициналық-профилактикалық факультетінің 1-курс магистранты Мамықұл Мақсат Болатұлы. Байланыс мәліметтері: 8-702-821-60-62.

«ДЕМЕУ» АРҚЫЛЫ БІР БІРІМІЗГЕ ДЕМЕУ БОЛАЙЫҚ! «ДЕМЕУ» ҚазҰМУ СКҚБ» сіздерді асыға күтеді.