ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ КАФЕДРАСЫ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ БОЙЫНША ЕСЕБІ




09.10.2018

6 қазан 2018 жылы, сағат 12.30-да ҰМУ-дың №1 жатақханасының оқу залында  «Жемқорлыққа – жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты: 1. Жемқорлық жайында түсінік. 2. Жемқорлықпен күресуге шақыру. 3. Жемқорлықтың себеп-салдарын талқылау. Дөңгелек үстелге жалпы медицина мектебінің студенттері, фармация мектебінің студенттері, стоматология мектебінің студенттері,  Х.Досмухамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің студенттері қатысты.

Жалпы қатысқан студенттер саны – 50 студент.

Студенттер жемқорлық тақырыбына байланысты  баяндамалар оқыды. Кафедраның тәрбие жұмысы бойынша жауапты аға оқытушы Жаксылыкова К.С. «Жемқорлыққа – жол жоқ» тақырыбында баяндама оқыды.  Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында  жемқорлық тақырыбында көрініс қойылды, сұрақ-жауап, әңгімелер айтылды.

Жауапты оқытушылар: аға оқытушы Жаксылыкова К.С., аға оқытушы Камбарова А.Ж., аға  оқытушы Джакипбаева Р.А.   

  

Дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі                              О.Ю.Фадеева