Жастар арасындағы халықаралық терроризммен күрес және діни экстремизмнің әрекеттерін алдын-алу мақсатында 16.05.2017ж. күні сағат 16.00-де ҚазҰМУ-нің № 2 оқу аудиториясында ҚазҰМУ-мен Алматы қ. Дін істері басқармасымен бірлескен жұмыс аясында «Дін істері басқармасындағы нәтижелерді анықтау орталығының» қызметкері (студент жастар арасында діни экстремизмнің және терроризмнің таралуының алдын-алуға арналған шаралардың кестесіне сәйкес) университетіміздің ҚазҰМУ-дың 6 курс интерн – студенттерімен кездесу өткізілді.
Кездесуде сөз сөйлеген:
«Дін істері басқармасындағы нәтижелерді анықтау орталығының» бас эксперті – Берікбаев Е.Г. «Діни экстремизм және терроризмге қарсы іс- қимыл» атты баяндамасын таныстырды. Дәріс көрсетіліммен және «Өтірік туралы шындық» деген бейнефильммен толықтырылып, кездесу диалог форматында студенттердің қызығушылығын арттырды. Жалпы шараға қатысқандар саны – 70 адам.
Аталған іс-шараны Студенттермен жұмыс жөніндегі басқарманың Әлеуметтік көмек және студенттерге қызмет көрсету бөлімі ұйымдастырды .
СЖЖБ директоры Л.С. Шынгысбаев