Дистанциондық білім беру




04.04.2012

2 сәуірде 2012 жылы Орталық Азияны құрайтын мемлекеттердің арасында дистанциондық білім беру потенциалын қолдану, регионалдық стратегияны дамыту семинары өтті. Маңызды мақсаты: жұмыстарды ретімен құрастыру, дистанциондық технологияларын система ретінде медицина саласындағы мамандардың үзіліссіз білімін дамыту және жоғарылату қажеттілігі.

Семинарда E-leaning GIZ компаниясының координаторы Николя Хьюгинг, Қырғыз Мемлекеттік Медицина Институтының білім дәрежесін жоғарлату мен дамыту институтының ректоры, профессор Т.Ч. Чубаковтың басқаруымен, Денсаулық сақтау Министрлігінің Таджикистан Республикасының отбасылық медицина оқу-клиникалық орталығының директоры Т.С.  Джабарованың басқарумен өкілдері болды. Семинарға С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеттің ректоры А.А. Аканов және 10 қызметкер қатысты. Оларға университетте дистанциондық технологияны қолдана отырып, білім үрдісін дамыту жоспары қойылды.

Жоғары деңгейде өткен семинардың нәтежесі: С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті, мамандардың білім дәрежесін жоғарлату мен дамыту Қырғыз Мемлекеттік Медицина Институты және Таджикистан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің отбасылық медицинасың оқу-клиникалық орталығы арасында академиялық және ғылыми-практикалық қарым-қатынасты дамыту, сонымен қатар,  дистанционды технологияны пайдалана отырып, медицина саласындағы мамандардың үзіліссіз медицина білімін жоғарылату шешімі қабылданды. Үш мемлекет келісілген шарт бойынша жоспар құру белгіленді.