Джо Асвалл атындағы аудиторияның ашылу салтанаты




28.12.2010

DSC_4677   DSC_4683

9 желтоқсан күні С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 80-жылдық мерейтойы аясында Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің ұйытқы болуымен Джо Асвалл атындағы аудиторияның ашылу салтанаты болып өтті.

Ашылу салтанатының алқызыл лентасын қиған академик Т.Ш. Шарманов пен ДДСҰ-ның Европа аймақтық бюросының Қазақстандағы офисінің жетекшісі доктор М. Кишман жиналған кауымға Джо Асваллдың қызметі мен дүниежүзілік денсаулықсақтау саласына сіңірген еңбегі туралы әсерлі әңгімелеп берді, оның өнегелі өмірінің кейбір сәттерінен сыр шертетін бейнефильм көрсетілді.

Джо Асвалл – 1985-2000 жылдар аралығында ДДСҰ-ның Европалық бюросының директоры қызметін атқарған. Оның жетекшілігімен:

· денсаулықты нығайту бойынша Оттава хартиясы (1986);

· денсаулық сақтау жүйесін реформалау бойыша Любляна хартиясы (1996);

· «Денсаулық барлығы үшін» Ұлттық стратегиясының Европа аймағының 43 еліне таралуы (1985-2000);

· Денсаулық-XXI. Денсаулық барлығы үшін стратегиясының ДДСҰ-ның Европалық аймағының барлық еліне таралу саясатының негіздері (1999), секілді әлемдік маңызы бар құжаттар қабылданды.

Джо Асвалл қоғамдық денсаулық сақтау қөшбасшыларына арнап «10 жол ережесін» дайындап шығарды.

Джо Асвалл атындағы аудиторияның ашылуына университет ректоры профессор А.А. Ақанов, Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің директоры профессор Қ.А. Төлебаев, Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің ұжымы атсалысты.

Сонымен қатар университет күндері аясында Джо Асвалл атындағы аудиторияда профессор Қ.А. Төлебаевтың төрағалығымен «Белсенді ұзақ өмір сүрудің маңызды сұрақтары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Конференцияға ДДСҰ-ның Европа аймақтық бюросының Қазақстандағы офисінің жетекшісі доктор М. Кишман, Нагасаки университетінің профессоры Набору Такамура қатысты.

 DSC_4691   DSC_4688