«Егіз-лебіз» байқауында шырқалған қазақтың ретро әндері




18.02.2015

«Егіз-лебіз» байқауында шырқалған  қазақтың ретро әндері

 

Үстіміздегі 2015 жылдың 13 ақпанынан бастап «Егіз-лебіз» байқауы басталып кетті.С.Ж.Асфендияров атындағы  Қазақ Ұлттық Медицина университетінің 85 жылдығына,

Ұлы Жеңістің 70-жылдық мерейтойына арналған  мәдени  іс-шараларды қолдау  аясында биылғы жылы  оқу орнымызда бесінші  рет «Егіз-лебіз»  вокалдық ретро ән байқауы  өткізілуде. Байқауға қатысушылар университет оқытушылары, қызметкерлері мен студенттерінен құралған өнер жұптары. Бірінші кезеңде қазақтың 60-90-шы жылдарында жазылған әндері орындалды. Байқаубарысында  халық аузында көп жылдар бойы орындалып жүрген әндер, сонымен қатар ұмытылып бара жатқан әндер қайта жаңғырып, еске түсіп, ортамызға оралды. . Өнерпаздар барынша жан-жақты тырысып, көрермен қауымының көңілінен шыға білді.

Әрине, байқау болғаннан соң  көрермен мен әділқазылар алқасының  көңілінен ерекше шығып, көп ұпай жинаған жұптар да болды. Бірінші турдың ұпай саны бойынша реттей келгенде шаруашылық жұмыстар жөніндегі департаментінен,  Бас энергетик  К.Қ.Дуйсенов және жалпы медицина факултетінің 1 курс студенті Г.Сармырза;денсаулық сақтау саясаты және басқару кафедрасының оқытушысы  О.Ж.Джумагазиева және қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің 2-ші курс студенті  Д.Қалдыбай;фармацевт-менеджер модулінің оқытушысы  Қ.К.Жолдыбаев және фармацевтика факультетінің  1-ші курс студенті И.Рахимбаева; Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысыМ.М.Сембаева және жалпы медицина факультетінің 1-ші курс студенті Ү.Алдаберген;алғашқы жәрдем көрсету кафедрасының оқытушысы А.М.Жукембаева және жалпы медицина факультетінің 1-ші курс студенті О. Наркулов; оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі  департаментінің қызметкері Л.І.Сихымбаева және жалпы медицина факультетінің 1 курс студенті С.Тұрсымбай; әскери кафедрасының оқытушысы П.В.Дмитриев және фармацевтика факультетінің 1-ші курс студенті А.Альмурзаева;студенттік өзін-өзі басқару бөлімінің меңгерушісі  Е.Т.Оразаев және қоғамдық денсаулық сақтау  факультетінің 3 курс студенті Ш.Мойынбаева;клиникалық анатомия және жедел хирургия кафедрасының оқытушысы Ж.А.Семжанова және  жалпы медицина факультетінің 1-ші курс студенті М. Құрбанкелдиев; патологиялық физиология кафедрасының оқытушысы А.Е.Аскарова және  жалпы медицина факультетінің 2-ші курс студенті  М.Каламбеков; терапиялық стоматология  кафедрасының доценті С.Ж.Абдикаримов және жалпы медицина факультетінің  1-ші курс студенті Ж.Темірзақова; №1 акушерлік және гинекология кафедрасының ассистенті Ж.О.Алиева және жалпы медицина факультетінің  4-ші курс студенті А.Бақберген;№1 хирургиялық аурулар кафедрасының оқытушысы Р.Т.Есергенова және жалпы медицина факультетінің бірінші курс студенті  Ә.Ильияс;Б.Атчабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицина институтының ғылыми қызметкері А.С.Садвакас және жалпы медицина факультетінің  1 курс студенті Қ.Құрманбаев қатысып өз өнерлерін ортаға салды. Байқауға қатысатын тағы да екі жұп, медицина ғылымының докторы, ортодонтия кафедрасының профессоры Мамеков Абирбек Досболғанұлы және инфекциялық және тропикалық аурулар кафедрасының оқытушысы Садыкова Айнұр Маралқызы жұмыс бабымен іс-сапарда болғандықтан екінші турда екі әнді қатар орындайтын болады. Барлығы «Егіз-лебіз» байқауына 16 жұп қатысуда.

Әділқазылар алқасына өнер саласында еңбек етіп жатқан азаматтар шақырылды.

Жалпы алғанда барлық байқауға қатысушы өнерпаздар барынша тырысып,  әнді көрермен жүрегіне жеткізе білді. Шынын айтқанда,өнерпаздар әнді орындау жағынан бірінен-бірі асып түсуде. Бірінші кезеңде сәл баялау бастаған жұп,  қалған екі кезеңде барлық күш-жігерін салып,  алға шығуы әбден мүмкін. Оған барлық жағынан мүмкіндік баршылық, алда екі кезең күтуде.

Барлық ән сүйер қауымын байқаудың екінші кезеңін тамашалауға  27 ақпан күні сағат 17.00-де өз әріптестеріне, құрбыларына қолдау көрсетуге шақырамыз.

Келіңіздер, көріңіздер, өткен күндердің әндерін еске түсіріп, бірге шырқайық.

Көркемдік жетекші С.А.Апсаттарова