«Екі жұлдыз 2012» 1 тур-ретро әндер




20.03.2012

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ  Ұлттық  медицина университетінің мәдени іс-шараларды қолдау аясында,тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен, қалыптасқан дәстүрлі мерекелік шараның  бірі «Екі жұлдыз» вокалдық ретро-ән байқауының 1туры  өткізілді. 1турда 60-80 жылдардағы ретро әндер орындалды. Байқауда университетіміздің барлық қызметкерлері, оқытушылары, студенттері өз өнерлерін ортаға салды. Алдын – ала байқаудың ережелері барлық деканаттарға, кафедраларға құрылымдық бөлімшілерге таратылған болатын. Байқауға қатысушылар жұбы  оқытушы мен студент. Биылғы «Екі жұлдыз» ән байқауы  Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына  және  Ұлыстың  ұлы күні   Наурыз мерекесіне арналған. Байқаудың демеушілері университетіміздің кәсіподақ ұйымы және студенттер кәсіподақ қоғамдық бірлестігі. Әділқазылар алқасына елімізге танымал өнер майталмандары мен әншілері шақырылды. Атап айтар болсақ, сүйікті әнші қызымыз Алма Аманжолова, Т.Жүргенов атындағы Өнер Академиясының аға оқытушысы, доцент, актер Тасболат Омаров т.б өнер адамдары. Жұмыстан, сабақтан соң байқауға қатысатын оқытушылар, қызметкерлер  мен студенттерге  күнделікті дайындық жұмыстары жүргізілді. 1 тур өте жоғары дәрежеде өтті.  Байқауға 16 жұп қатысты. Қатысушылардың үлкен дайындықпен, жауапкершілікпен  келгені бірден көрініп тұрды.  Құрметті көрермендерімізге, жанкүйерлерімізге «Екі жұлдыз» ән байқауына асығыңыздар деп- айтқымыз келеді. Екінші турда амандықпен кездесейік!