Елін сүйген, ел сүйген Елбасы




04.12.2018

 2018 жылдың 30 қарашасында сағат 11:30дан бастап  ҚР Ұлттық кітапханасында ҚР  Тұңғыш президенті күніне орай «Елін сүйген, ел сүйген Елбасы» атты іс-шара ұйымдастырылды.

Аталмыш шара жыл сайын өтетін дәстүрге айналды. Жоспарға сәйкес  қалалық деңгейде өткен ауқымды іс-шараға С.Ж.Асфендияров атындағы ҰМУ тілдер пәндер кафедрасының аға оқытушылары З.Қ.Көкенова, Ұ.А.Ботатаева, Л.С.Бекпентаева атсалысып, ҚР Ұлттық кітапханасының әкімшілігімен, Алматы қаласының Әкім аппараты «Қоғамдық келісім» ҚММ бірлесіп өткізді.

Бұл іс-шараға университеттің Стоматология мектебінің18-02-01, 18-05-02 топтарының, ЖМ 18-04-1, ЖМ-17-04-2 тотптарының, Педиатрия мектебінің 18-001-01, 18-006-02 топтарының, Фармация мектебі, ФӨТ мамандығы юойынша 18-015-01, 18-0115-02 топтарының және т.б. шақыртылған студенттер, Алматы қ. ЖОО  мен колледждер студенттері, мектеп оқушылары, С.Ж.Асфендияров атындағы ҰМУ 1 курс студенттері (60 студент) және университеттің тілдер пәндер кафедрасының оқытушылары, Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаменттерінің қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, қаланың өнер жұртшылығының өкілдері қатысты.

Елімізде алтыншы жыл қатарынан Тұнғыш президент күні аталып өтуде. Барша қазақстандықтар үшін 1 желтоқсан мерекелік күн болып саналады. Бұл мейрамның аталуының негізі және алғышарты болып 1991 жылы 1 желтоқсан күні болған президент сайлауы болды. Алғашқы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алғашқы президенті атанған еді. Жыл сайын осы мерекеге арнайы іс-шаралар, жиындар мен концерттер өткізіледі, Ұлттық кітапхана әкімшілігімен бірге университеттің  тілдер пәндер кафедрасының оқытушылары, студенттермен тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша бөлімінің қызметкерлері белсенді қатысып тұрады.

Салтанатты іс-шара ҚР әнұраны орындалуымен басталды.
Алматы қаласының Әкім аппараты «Қоғамдық келісім» ҚММ  директоры Ж.Ш.Мұрынова, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры және т.б. арнайы шақырылған қонақтар сөз сөйлеп, ҚР Ұлттық кітапханасының алғашқы  директоры Назира Дәулетованың атындағы көрме залында ҚР Тұнғыш президентіне арналған кітап көрмесімен таныстыру  шарасы өтті. Кітапхана қызметкері Жанар Әбдикеева көрмеге келген қонақтарға қызықты экскурсия жүргізді, Елбасы қызметіне қатысты жаңадан табылған материалдар мен фотосуреттерімен жан-жақты таныстырды. Салтанатты шараның екінші бөлігінде қатысушыларға ҚР Тұнғыш президенті күніне әзірленген фильмді ұсынды. Келесіде ұсынылған концертке Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері, С.Ж.Асфендияров атындағы ҰМУ 1 курс студенттері, Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері, мектеп оқушылары қатысып,  тамаша концерттік бағдарламаны:Елбасы туралы жаңа әнмен ашып, еліміз, Отан, Тәуелсіздік туралы патриоттық  әндерімен, өлеңдермен және күйлерімен  өнерлерін паш етті.

Университеттің атынан Фармация мектебі, фармацевтикалық өндіріс технология мамандығы бойынша 1 курс студенті Алмас Күнбота –  «Туған жер», «Қазақстаным, алға!», Қажиқанова Ақерке «Атамекен»  әндерін орындап, Тұрар Аружан «Туған жер» өлеңін оқыды;   Стоматология мектебінің 1 курс студенттері Байсерік Кәміл, Нарибаев Айдархан және Ұзақбай Арсен «Адай» күйді тарту етіп, «Туелсіздік туралы» өлеңді оқыды; Фармация мектебінің 1 курс студенттері Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сүйіп, өзі де орындайтын «Весна на Заречной улице» кинофильмінен  әнді гитараның сүйемелдеуімен орындады; ЖМ мектебінің студенті Айдархан Күнсұлу «Бақтыбай әуені» деген күйді қазақ  ұлттық киімінде нағыз кәсіби деңгейде орындап шықты.

Педиатрия мектебінің 1 курс студенті Алдешева Ұлбала «Ата толғауы» күйін орындады.

Аталмыш мерекелік концертті С.Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университеті Фармация мен Стоматология мектептерінің 1 курс студенттері хормен  «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқтады. Біздің студенттер өнерін көрсетіп жатқан кезінде БАҚ телеарналардан келіп түсірді. Көрермендерге жастар өз күштерімен әзірлеген концерттік бағдарламадағы әндері мен күйлері, әуендерін шебер орындап, олардың  көңілінен шықты.

ҚР Тұнғыш президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар.Рухани жаңғыру» еңбегінде атап өткендей: «Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек. Мен жастарға сенемін!», деген өсиет сөздері жүзеге асыру барысында деп сенімді айтуға болады.