FOR21 жобасы

Жаңалықтар FOR21

Жобаның атауы: FOstering the doctoR of the 21st century: education for patient-centered communication /FOR21.

Жобаның мақсаты

Дәрігерлер мен науқастар арасындағы байланысты жақсартуға бағытталған коммуникативті құзыреттілік пен әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыратын әдіс-құралдарды, білім беру стратегиялардың және медицина саласындағы оқу бағдарламаларының дамуын ынталандыру.

Міндеттері

  1. Жергілікті деңгейде науқастарға бағытталған коммуникациялық оқыту бағдарламасын жүзеге асыруды қолдайтын серіктес университеттерде коммуникациялық оқу орталықтарын құру.
  2. Оқушылардың үлгерімін және енгізілген инновациялық тәсілдердің тиімділігін бағалау жүйесін дайындау.
  3. Дәстүрлі дәрістік оқытудан аралас және қашықтықтан оқыту сияқты білім беру технологияларына көшу үшін толық интеграцияланған оқу ортасында интерактивті модельдеуді қолдану.
  4. Педагогикалық орталықтарды жүйеге біріктіру, серіктес және серіктес емес медициналық университеттердің білім беру бағдарламаларын ынталандыру, коммуникативтік құзыреттілікті дамыту тенденцияларына сәйкес жаңашылдықты енгізу.


Күтілетін нәтижелер

Университеттерде коммуникативті дағдыларды дамыту орталықтарын құру және оларды жабдықтау. Әкімшілік қызметкерлер медициналық студенттердің коммуникативтік дағдыларының дамуын көрсететін бірыңғай бақылау жүйесін иеленеді. Бұл жағдайда барлық қажетті құрал – жабдықтар, бақылау және оқу материалдары жобаның соңында беріледі. Оқыту бағдарламалары, оқу материалдары мен құралдар, оқыту әдістемесін әзірлеу, тестілеу және енгізу. Ашық білім беру ресурсты құру (науқастардың виртуалды сценарийлері, бейне дәрістер және клиникалық тәжірибе стендтері). Сабақтарды жүргізу үшін арнайы жабдықталған сыныптарды ашу.

  1. Медициналық жоғары курс студенттері дамыған дағдыларды пациентпен сөйлесу алгоритмін құруды, жанжалды жағдайларды шешуді, қайтадан келген науқастардың санын азайтуды және олардың өзіне күтім жасауды ынталандыруды үйренеді.
  2. Педагогикалық және әкімшілік қызметкерлер білім беру технологиялар мен бағдарламалар саласындағы халықаралық жетістіктер мен тәжірибені енгізуге дайын болады. Оқытудың коммуникативті дағдылары мен бақылау жүйелерінің реттілігі оқытушылар құрамы мен деканат арасындағы тығыз ынтымақтастығы арқылы құрылады.
Қатысушылар және олардың жобадағы рөлі:

Юсупов Рустам Рахимович – медицина ғылымдарының кандидаты, КЕАҚ «С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» микробиология және вирусология кафедрасының доценті» – жобаны басқару (жоба үйлестірушісі және жетекшісі), компьютерлік дағдыларды дамытуға арналған бағдарламаларды әзірлеу және енгізу бойынша жұмыс, профессор-оқытушылық құрамы – (компьютерлік дағдылар бойынша тренингтерді өткізу), техникалық қызметкер- (оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу).

Багиярова Фатима Арыстанқызы – коммуникативтік дағдылар кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, КЕАҚ «С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ психотерапевті, әкімшілік қолдау – (компьютерлік дағдыларды дамыту бағдарламаларды әзірлеу және енгізу бойынша жұмыс), профессорлық -оқытушылық құрамы – (компьютерлік дағдылар бойынша тренингтерді өткізу), техникалық қызметкер – (оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу).

Асимов Марат Абубакриевич – медицина ғылымдарының докторы, КЕАҚ «С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» коммуникативтік дағдылар кафедрасының профессоры, педагогикалық қызметкер – (коммуникативтік дағдылар бойынша тренингтерді өткізу), техникалық қызметкер – (оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу).

Мадалиева Санам Хакимовна – PhD, коммуникативтік дағдылар кафедрасының оқытушысы КЕАҚ «С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» – жобаның орындалуын бақылау, компьютерлік дағдыларды дамыту бағдарламаларды әзірлеу және енгізу бойынша жұмыс, педагогикалық қызметкер – (компьютерлік дағдылар бойынша тренингтер өткізу), техникалық қызметкер – (оқу құралдарын әзірлеу).

Давлетбакова Алма Шакировна – психиатрия ғылымдарының кандидаты, коммуникативтік дағдылар кафедрасының ассистенті; Global Health and Development магистрі (University College London, Ұлыбритания) – компьютерлік дағдыларды дамыту бағдарламаларды әзірлеу және енгізу бойынша жұмыс, профессорлық-оқытушылық құрамы – (қарым-қатынас дағдыларын үйрету), техникалық қызметкерлер – (оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу).

Арынтаева Нурила Есімжанқызы – биостатистика және ғылыми зерттеулер негіздері кафедрасының ассистенті, КЕАҚ «С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» – компьютерлік дағдыларды, педагогикалық құрамы – (компьютерлік дағдылар бойынша тренингтер өткізу), техникалық персонал- (оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу).

Әл -Абдулла Салима Джалал – «Медбике ісі» мамандығының 2 курс магистранты КЕАҚ «С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» – жоба менеджері, компьютерлік дағдыларды дамыту бағдарламаларын әзірлеу мен енгізу бойынша жұмыс, профессор – оқытушылар құрамы – (коммуникативтік дағдылары бойынша тренингтер өткізу), техникалық қызметкерлер – (оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу).